Массагет «Apple мәзір» атты байқау жариялайды

15 сәуір − Ғашықтар күніне орай Мassaget.kz сайты "Сүйіктіңе алма сыйла" атты жаңа бастама қолға алған еді. Яғни жігіт қызға шынайы сезімін білдіріп, қызыл алма сыйласа, қыз жігітке көк алма тарту етеді. Осы үрдісті әрі қарай жалғастыру мақсатында «Apple мәзір» атты байқау ұйымдастырмақпыз. Байқаудың басты ережесі бойынша мәзір құрамында алма болуы керек немесе алманың бейнесін жасау қажет. Ол тағамды өзіңіздің сүйіктіңізге, ең жақын құрбыңызға немесе досыңызға арнап дайындасаңыз болады.

Дайындайтын мәзіріңіз торт, бәліш, салат, сорпа және т.б тағам болуы өз еркіңізде. Мәзірді дайындау реті бойынша суретке түсіріп, 30 наурыз-12 сәуір аралығында өз атыңыздан блог ретінде жариялауыңыз қажет. Жазбаңызды "Блогтар" айдарындағы "Байқау" бөліміне салып, оны жариялағанда жақша ішіне "Байқау" деп жазуыңызды сұраймыз. 13 сәуір күні жарияланған блогтардың лайк, көрілім және пікір санын есептейміз.

100 көрілім = 1 ұпай

Қолданушының 1 пікірі = 4 ұпай (қолданушының 1 пікірі ғана есепке алынады)

1 лайк = 1 ұпай

Редакция тарапынан 20 ұпай

Редакция ұпай берерде мәзірдегі ингредиенттердің үйлесімділігін және безендіруін ескереді.

Барлық есептеулерді қосқанда, ең жоғарғы ұпай жинаған 3 мәзірді таңдап аламыз. Таңдалған 3 мәзірді өзіміз дайындап байқап көреміз. Массагет ұжымы дәмін көріп, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздың мәзірі 15 сәуір күні сайтымызға жарияланады. Жеңімпазға Мassaget.kz ұжымы атынан арнайы сыйлығымыз бар. 

Мassaget.kz сайтында блогты қалай жазатынын әріптесіміздің блогынан анық көре аласыздар. Байқауға қатысты басқа да сұрақтардың жауабын massaget.kz@gmail.com  электрондық адресіне хат жазу арқылы немесе 87273888118 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.