Достық пен махаббатты қалай ажыратамыз?

«Қыз бен жігіттің арасында достық болмайды: кем дегенде біреуі «шын» жақсы көреді». Осыны оқып отырып, «Сонда біз доспыз ба, әлде?» деуіңіз мүмкін. Ол үшін мынадай талаптарды оқып шығуыңыз керек. Сонда ғана достық пен махаббаттың ара жігін таба аласыз.

1) Серігіңіздің жұбы (қызы не жігіті) бар және сіз олар үшін шын қуаныштысыз.

Бұл – нағыз достықтың белгісі. Серігіңіздің өз жұбын тауып, бақытты болғанын тілеп, сіз, досыңыз және оның жұбы – үшеуіңіз «үштік одақ» құрсаңыздар, шынайы достық деп біліңіз.

2) Досыңыздың жұбынан кемшілік іздесеңіз, сіздің досыңызға деген достықтан да ерекше сезіміңіз бар деген сөз.

Досыңыздың таныстырған қыздары (жігіттері) сіз үшін "ақымақ", ерсі, қызықсыз болып көрінсе не жақсы қасиеттерін 0-ге есептеп отырсаңыз, бұл бекер емес.

3) Егер досыңыздың жанында өзіңізді «қатты» еркін ұстасаңыз, шынымен, сіздер – доссыздар.

Достар бір-бірінің жанында бояусыз (қыздар үшін), емін-еркін күліп-ойнап, ерке қылықтарын танытады.

4) Ал егер досыңыздың жанында қобалжып, қысылып отырсаңыз, бұның да себебі бар деген сөз.

Оның қасында сымбатты, ақылды, инабатты көрінгіңіз келеді. Қобалжысаңыз да жанынан бір елі қалғыңыз келмейді. Бұның бәрі – сіздің сезіміңіздің көрінісі.

5) Егер досыңызды күні-түні ойлап, уайымдасаңыз, оны «достар тізімінен» шығара берсеңіз болады. 

Әдетте достарыңыздың бейуақытта не істеп жатқаны, қайда кіммен барғаны аса қызықтырмайды. Ал «оның» тауға кіммен шыққаны, тортты кімге алғаны, не үшін кеш қайтқаны сізді бей-жай қалдырмайды. Бұл жағдаяттар сізге таныс болса, достық пен махаббаттың арасын шешуге тура келеді.

6) Досыңыз әлдебіреуді киноға шақырса, не беймезгіл уақытта телефоны шырылдаса, мазаңыз кете ме? 

Кіммен сөйлесіп жатыр екен? Әлеуметтік желісінде, үнемі қоңырау шалатындар тізімінде кім бірінші тұр екен? Оның суретіне кім қандай пікір қалдырды екен? Бұл сұрақтардың тізімі бітпесі анық. Сіз де осы сұрақтың жауабын білгіңіз кеп жүрсе, демек, сіз досыңызға ғашықсыз. 

Біздің жауабымыз міне, осылай, құрметті оқырман... Ал сіз достық пен махаббатты қалай ажыратасыз?

Сурет: amur.kz