Әлем чемпионатына баратын 5 құрама

О Сансызбай Корреспондент
Әлем чемпионатына баратын 5 құрама

Футболдан Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын құрамалардың құрамы белгілі бола бастады. Қазіргі уақытта Босния және Герцеговина, Гондурас пен Бразилия құрамаларынан кейін Португалия, Мексика, Жапония, Англия және Ресей құрамалары құрамы анықталды.

БӨЛІСУ

Португалия  құрамасының бас бапкері Паулу Бенту командасына жеті бірдей шабуылшы шақырыпты. Бұл әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың ішіндегі шабуылшысы ең көп құрама болмақ. Олар «G» тобында Германия, Гана және АҚШ құрамаларымен кездесулер өткізеді.

Португалия құрамасы:

Қақпашылар: Бету ("Севилья", Испания), Эдуарду ("Брага"), Руй Патрисиу ("Спортинг").

Қорғаушылар: Жоау Перейра, Рикарду Кошта (екеуі де — "Валенсия", Испания), Фабиу Коэнтрау, Пепе (екеуі де — "Реал", Испания), Бруну Алвеш ("Фенербахче", Түркия), Сильвиу ("Бенфика"), Нету ("Зенит", Ресей).

Жартылай қорғаушылар: Рауль Мейрелеш ("Фенербахче", Түркия), Жоау Моутинью ("Монако", Франция), Мигель Велозу ("Динамо", Украина), Куштодиу, Рубен Микаэл (екеуі де — "Брага").

Шабуылшылар: Нани ("Манчестер Юнайтед", Англия), Криштиану Роналду ("Реал", Испания), Сильвестре Варела ("Порту"), Виейринья ("Вольфсбург", Германия), Элдер Поштига ("Сарагоса", Испания), Данни ("Зенит", Ресей), Нельсон Оливейра ("Ренн", Франция).

Ал Мексика құрамасының бас бапкері болса Бразилияға Лондон Олимпиасында топ жарған сегіз бірдей футболшыны тізімге қосыпты. Тағы бір назар аударатын жәйт, "ацтектердің" сапында биыл төртжылдықтың басты додасына "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Хавьер Эрнандес екінші рет қатысқалы отыр. Олар «А» тобында Бразилия, Хорватия және Камерун құрамаларымен бір өнер көрсетеді.

Мексика құрамасы:

Қақпашылар: Гильермо Очоа ("Аяччо", Франция), Альфредо Талавера ("Толука"), Хесус Корона ("Крус Асуль").

Қорғаушылар: Пауль Агиляр, Мигель Лайюн, Франсиско Родригес (барлығы - "Америка"), Диего Рейес ("Порту", Португалия), Рафаэль Маркес ("Леон"), Эктор Морено ("Эспаньол", Испания), Карлос Сальсидо ("Тигрес"), Андрес Гуардадо ("Байер", Германия).

Жартылай қорғаушылар: Хуан Карлос Медина ("Америка"), Исаак Брисуэлья ("Атлас"), Хосе Хуан Васкес, Луис Монтес, Карлос Пенья (все - "Леон"), Марко Фабиан ("Крус Асуль"), Эктор Эррера ("Порту", Португалия).

Шабуылшылар: Рауль Хеменес, Алан Пулидо, Хавьер Эрнандес (барлығы - "Манчестер Юнайтед", Англия), Джовани дос Сантос ("Вильярреал", Испания), Орибе Перальта ("Сантос Лагуна").

Ресей құрамасының бас бапкері Фавио Капелло да Әлем чемпионатына баратын 30 футболшының есімін жариялады. Ал оның жетеуі алдағы жолдастық кездесулерден кейін құрамадан алынады. Ресейліктер Бельгия, Алжир және Корей Республикасы аяқ доп шеберлерімен бір топта өнер көрсетеді.

Ресей құрамасы:

Қақпашылар: Игорь Акинфеев (ЦСКА), Юрий Лодыгин ("Зенит"), Сергей Рыжиков ("Рубин").

Қорғаушылар: Александр Анюков ("Зенит"), Алексей Березуцкий, Василий Березуцкий, Сергей Игнашевич, Георгий Щенников (бәрі - ЦСКА), Владимир Гранат, Алексей Козлов ("Динамо"), Андрей Ещенко ("Анжи"), Дмитрий Комбаров ("Спартак"), Андрей Семенов ("Терек").

Жартылай қорғаушылар: Игорь Денисов, Юрий Жирков (екеуі де - "Динамо"), Алан Дзагоев (ЦСКА), Юрий Газинский, Роман Широков (екеуі де - "Краснодар"), Денис Глушаков ("Спартак"), Павел Могилевец ("Рубин"), Виктор Файзулин, Олег Шатов (екеуі де  - "Зенит").

Шабуылшылар: Владимир Быстров ("Анжи"), Александр Кержаков ("Зенит"), Артем Дзюба ("Ростов"), Алексей Ионов, Александр Кокорин (екеуі де - "Динамо"), Максим Канунников ("Амкар"), Павел Погребняк ("Рединг"), Александр Самедов ("Локомотив").

Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон да Әлем чемпионатына баратын футболшылардың тізімін жариялады. Құрама құрамына «Ливерпульдан» - 5, «Манчестер Юнайтедтен» - 4 футболшы енген. Егер төмендегі ойыншылар жарақат алған жағдайда қосалқы құрамға Джон Радди (Норвич Сити), Джон Фланаган (Ливерпуль), Джон Стоунз (Эвертон), Майкл Каррик, Том Клеверли (екеуі де -Манчестер Юнайтед), Энди Кэрролл (Вест Хэм), Джермейн Дефо (ФК Торонто) сынды футболшыларды шақырып отыр. Ағылшындар Уругвай, Коста-Рика және Италия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Англия құрамасы:

Қақпашылар: Джо Харт (Манчестер Сити), Бен Фостер (ВБА), Фрэйзер Форстер (Селтик)

Қорғаушылар: Лейтон Бэйнс, Фил Ягелка (екеуі де - Эвертон), Гари Кэхилл (Челси), Глен Джонсон (Ливерпуль), Фил Джонс, Крис Смоллинг (екеуі де - Манчестер Юнайтед), Люк Шоу (Саутгемптон)

Жартылай қорғаушылар: Росс Баркли (Эвертон), Стивен Джеррард, Джордан Хендерсон, Рахим Стерлинг (бәрі - Ливерпуль), Адам Лаллана (Саутгемптон), Фрэнк Лэмпард (Челси), Джеймс Милнер (Манчестер Сити), Алекс Окслейд-Чемберлен, Джек Уилшир (екеуі де - Арсенал)

Шабуылшылар: Рики Ламберт (Саутгемптон), Уэйн Руни, Даниэль Уэлбек (екеуі де - Манчестер Юнайтед), Даниэль Старридж (Ливерпуль)

Жапония құрамасының бас бапкері Альберто Дзаккерони да құрамасын жасақтап шықты. Тізімге бірінші болып «Миланның» жартылай қорғаушысы Кейсуке Хонда мен «Манчестер Юнайтедте» ойнап жүрген Синдзи Кагава еніпті. «Күншығыс елінің» аяқ доп шеберлері Грекия, Колумбия және Кот-д’Ивуар құрамаларымен күш сынасады.

Жапония құрамасы:

Қақпашылар: Эйдзи Кавасима ("Стандард", Бельгия), Сюсаку Нисикава ("Урава Редс"), Сюита Гонда ("Токио");

Қорғаушылар: Ясуюки Конно ("Гамба Осака"), Масахико Иноха ("Джубило Ивата"), Юто Нагатомо ("Интер", Италия), Масато Морисиге ("Токио"), Ацуто Утида ("Шальке", Германия), Мая Есида ("Саутгемптон", Англия), Нироки Сакаи ("Ганновер", Германия), Готоку Сакаи ("Штутгарт", Германия);

Жартылай қорғаушылар: Ясухито Эндо ("Гамба Осака"), Макото Хасэбэ ("Нюрнберг", Германия), Тосихиро Аояма ("Санфречче Хиросима"), Хотару Ямагути ("Сересо Осака"), Кейсуке Хонда ("Милан", Италия), Синдзи Кагава ("Манчестер Юнайтед", Англия);

Шабуылшылар: Есито Окубо ("Кавасаки Фронтале"), Синдзи Окадзаки ("Майнц", Германия), Хироси Киетакэ ("Нюрнберг", Германия), Еитиро Какитани ("Сересо Осака"), Манабу Сайто ("Иокогама Маринос"), Юя Осако ("Мюнхен 1860", Германия).

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионаты 12 маусым күні өз байрағын желбіретеді. 

Босния және Герцеговина мен Гондурас құрамаларының тізімі

Бразилия құрамы

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Cурет: sports.ru.sport.news.am