Сколари Бразилия құрамасын жасақтап шықты

О Сансызбай Корреспондент
Сколари Бразилия құрамасын жасақтап шықты

Футболдан өз елінде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын Бразилия құрамасының құрамы белгілі болды. Бас бапкер Луиш Филипе Сколари бүгін пресс-конференцияда «мундиальда» өнер көрсететін футболшылардың есімін атады.

БӨЛІСУ

Бас бапкер жариялаған 23 аяқ доп шеберінің қатарына «Миланның» жартылай қорғаушысы Кака, шабуылшысы Робинью және «Атлетико Минейро» сапында өнер көрсетіп жүрген Роналдинью енбепті. Бразилия «А» тобында Хорватия, Камерун және Мексика елдерінің құрамасымен бір топта өнер көрсетеді.

Бразилия құрамасы құрамы:

Қақпашылар - Жулио Сезар ("Торонто", Канада), Джефферсон ("Ботафого"), Виктор ("Атлетико Минейро");

Қорғаушылар - Дани Алвес ("Барселона", Испания), Майкон ("Рома", Италия), Марсело ("Реал", Мадрид, Испания), Максвелл, Тиаго Силва (екеуі де  - ПСЖ, Франция), Давид Луис ("Челси", Англия), Данте ("Бавария"), Энрике ("Наполи", Италия);

Жартылай қорғаушылар - Луис Густаво ("Вольфсбург", Германия), Эрнанес ("Интер", Италия), Паулиньо ("Тоттенхэм", Англия), Рамирес, Оскар, Виллиан (үшеуі де - "Челси", Англия), Фернандиньо ("Манчестер Сити", Англия);

Шабуылшылар - Неймар ("Барселона"), Халк ("Зенит", Ресей), Фред ("Флуминенсе"), Жо ("Атлетико Минейро"), Бернард ("Шахтер", Украина).

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионаты 12 маусым күні өз байрағын желбіретеді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.ru