Әлем чемпионатына баратын екі құрама құрамын жариялады

О Сансызбай Корреспондент
Әлем чемпионатына баратын екі құрама құрамын жариялады

Футболдан төрткүл дүние тынысын тарта күткен Әлем чемпионатының басталуына да бір айдың жүзі қалды. Енді санаулы күндерден кейін ұлттық құрамалар дүбірлі додаға баратын футболшыларының есімін жариялайтын болады. Әзірге алғашқылардың бірі болып Босния және Герцеговина мен Гондурас құрамаларының тізімі белгілі болды.

БӨЛІСУ

Босния және Герцеговина құрамасының бас бапкері Сафет Сушич Әлем чемпионатына баратын 24 футболшының есімін жариялады. Ал бір ойыншы жақын күндері құрамнан шығарылмақ. Өйткені, «мундиальда» бір құрамада 23 футболшыдан болады. Алғаш рет жолдама алып отырған елдің құрамасы Нигерия, Аргентина және Иран аяқ доп шеберлерімен бір топта өнер көрсетеді.

Бония және Герцеговина құрамы:

Қақпашылар: Бегович («Сток Сити»), Фейжич («Аален»), Авдукич («Борац»).

Қорғаушылар: Спахич («Байер»), Колашинац («Шальке»), Бичакчич («Айнтрах», Брауншвейг), Враньеш («Элязыгспор»), Шунич («Заря»), Врсаевич («Хайдук»), Муйджа («Фрайбург»), Зуканович («Гент»).

Жартылай қорғаушылар: Мисимович («Гуйжу»), Медуньянин («Газиантепспор»), Пьянич («Рома»), Салихович («Хоффенхайм»), Лулич («Лацио»), Хайрович («Галатасарай»), Ибричич («Эрджиесспор»), Виска («Истанбул» ), Сушич («Хайдук»), Бесич («Ференцварош»), Хаджич («Штурм»).

Шабуылшылар: Джеко («Манчестер Сити»), Ибишевич («Штутгарт»).

«Е» тобында Эквадор, Швейцария және Франция құрамаларымен бір топта бақ сынайтын Гондурас елінің де намысын қорғайтын футболшылар тізімі белгілі болды. Құрама құрамына Еуропа ареналарында  өнер көрсетіп жүрген 8 футболшы енген.

Гондурас құрамы:

Қақпашылар — Ноэль Валладарес, Донис Эскобер (екеуі де  — «Олимпия»), Луис Лопес ("Реал Эспанья");

Қорғаушылар— Брайан Бекелес ("Олимпия"), Эмилио Исагуайрре ("Селтик" Шотландия), Хуан Карлос Гарсия ("Уиган", Англия), Мэйнор Фигероа ("Халл Сити", Англия), Виктор Бернардес ("Сан-Хосе", АҚШ), Осман Чавес ("Циндао", Қытай), Хаун Пабло Монтес ("Мотагуа");

Жартылай қорғаушылар — Арнольд Перальта ("Рейнджерс", Шотландия), Луис Гарридо ("Олимпия"), Рохер Эспиноза ("Уиган", Англия), Хорхе Кларос ("Мотагуа"), Уилсон Паласиос ("Сток Сити", Англия), Оскар Гарсия ("Хьюстон Динамо", АҚШ), Энди Нахар ("Андерлехт", Бельгия), Марио Мартинес ("Реал Эспанья"), Марвин Чавес ("Колорадо", АҚШ);

Шабуылшылар — Джерри Бенгтсон ("Нью Ингланд", АҚШ), Джерри Паласиос ("Алахуэленсе", Коста-Рика), Карло Костли ("Реал Эспанья"), Рони Мартинес ("Реал Сосьедад", Испания).

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионаты 12 маусым күні өз байрағын желбіретеді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.bigmir.net