Бөкей хандығының құрылуы

Бөкей хандығының құрылуы
Фото: voxpopuli.kz

Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. 

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауына қатысуға ниет білдірген Жақсымбет Алмастың туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.

1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасауы, 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілген тарихи оқиға негізінде жазылып отыр.

Күй ойнап тұр. Құрманғазы (Кішкентай) (1 көрініс)

Шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тапшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Дүрбелеңге түскен ел Жайықтың оң жағалауына өту үшін көшімен келіп тұр. Патша әскерлері Жайыққа жақындатпай қуып тастап, жүктерін лақтырып жатыр. Сонда патша әскерлері мен ел арасында қақтығыс болады. Қаруланып алған патша әскерлеріне қарсы тұра алмаған ел амалдың жоғынан кейін қайтады.

(2 көрініс)

(Бөкей сұлтанның отауы. Сұлтан орнынан тұрып ары-бері жүріп, қайтадан орнына отырып, ойланып жүр. Құрманғазының «Алатау» күйі ойнап тұр.)

Бөкей сұлтан: Шығай, Шығай!

Шығай: Сұлтан мен осындамын.

Бөкей: Шығай, ел дүрбелеңге түскен кез, оңтайлы шешімін таппасақ, ата қоныс елді мекеннен бір жола қоштасар түріміз бар.

Шығай: Ия, сұлтан, бүгін бір топ қара халық малдарын айдап Жайықтың оң жағалауына өтпекші болған екен.

Бөкей: Содан.

Шығай: Содан патша әскері кез болып, жағдай ушығып қақтығыс болды.

Бөкей: Ел аман ба?

Шығай: Аман сұлтан, бес қаруы сай патша әскеріне қара халықтың әлі қайдан келсін. Амалдың жоғынан ел кері қайтып, малдарына жайылым жоқ қамап отыр.

Бөкей: Шығай, сен барып ауыл ақсақалдарын шақырып кел. Жағдай ушықпай тұрып, ел болып ақ патшамен бір бітімге келу керек.

Шығай: Жарайды, сұлтан!

(Шығай шығып кеткен соң, Бөкей сұлтан ойланып отырады. Күй ойнап тұр).

(3 көрініс)
Қазақ даласы мал жайылымынан қатты тапшылық көрген шаруа халық. Малдарын қамап отыр.

(4 көрініс)
(Шығай ауыл ақсақалдарын ертіп келеді).

Бөкей: (Сұлтан орнынан тұрып). Көп созбай істің мән-жайына көшейін. Сіздерді шақыртқанымның себебі, ел мал жайылымынан тапшылық көріп отыр. Ақ патшаның күші күннен-күнге артып, ата-қонысымызда көсіле жүрген қазақ бүгін де өз жерінде еркін жүру былай тұрсын, өмір сүруінің өзі бір мүшкүл болды.

Ақсақал: (Үрейлене) Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман...

Бөкей: (Сұлтан ақсақалға қолындағы қамшысымен оқталып тұрып). Ол - мына сен сияқты қол қуысырып, ақ патшаның айдауына жүре беретіндердің сөзі. Әлі қазақтың ел болып көрер күні алда. Көппен кеңесіп пішкен тон келте болмас, мен сіздермен ақылдаса отырып, бір бітімге келсем деп ем.

Ақсақал 2: (Сұлтанның қаһарынын қаймыққан ақсақал). Бөкей сұлтан енді не істемексің, қол қуысырып отырмағанда біздің қолдан не келеді? Аюдай төнген ақ патшаның әскерлері, қойдай момын қазақты жұтып жібермесіне кім кепіл.

Бөкей: (Сұлтан шаңыраққа қарап тұрып). Жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады. Біз бір мал баққан момын елміз. Ауыл үстінен атылған мылтық тек қана жылқыны үркітпейді...

Ақсақал: (Сұлтанға жақындап келіп). Шырағым, ел тыныштығын жоғалтқан бір аласапыран заман болып кетті емес пе, артын баға тұрайық ақ патшаға да ынсап беріп қалар.

Бөкей: (Қолындағы қамшысымен даланы нұсқап тұрып). Ақсақал, артын бағып, қол қусырып отыруға болмайды, күннен-күнге орыстар бекеттер салып, жаз жайылымыңды, қыс қыстауыңды тарылтып жатқан жоқ па?

Ақсақал: Сұлтан төрелігін өзіңе бердік. Тығырықтан шығатын жолды өзің айт. Біз соны қолдаймыз.

Бөкей: (Орнына отырып, тұрып әрі-бері ойланып жүр). Ақ патшаға хат жолдаймын. Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістерден кейін Ақ патша бір бітімге келуі тиіс.

Шығай жаз. 

(Шығай жүгіріп барып қолына қағаз, қалам алып келді).

Бөкей: (Ақсақалдарға қарай). Ақ патшаның да тілін таба білген жөн. Шығай мен айтқанның бірін де қалдырмай жаз.

Мәртебелі ұлуғ господин жанарал-губернатор хазретіне

Менің сізге хат жолдаудағы тілегім қазақ халқы тыныштықта өмір сүру еді, қазақтың ата-бабасына тиісті жерлерде. Сіз дуан, қорғаныс бекеттерін салдырып, көшіп-қонып, мал бағып, жүрген қазақ халқының жайылымдарын тарылтып қойдыңыздар. Халық толқуға түскен. Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы қазақтың ата-қонысы. Сіздер осы аймаққа көшуге тыйым салған соң, қазақ елінде үлкен дүрбелең басталды. Мәртебелі ұлуғ господин осы дүрбелеңді шешудің оңтайлы жолы Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлерге өтіп қоныстауға рұқсат ету. Мен сізден екі елді шабыстырмай оңтайлы шешімін айтады деген үміттемін.

Кіші жүздің сұлтаны Бөкей Нұралы хан ұлы.

(5 көрініс)

(Күй ойнап тұрады. Көш бастаған қара халық Жайықтың оң жағалауына өту үшін тағы да келеді. Патша әскерлері қарсы тұрып, күш көрсетіп, көшті өткізбей қара халықты соққыға жығады. Сонда Бөкей сұлтан келіп, халыққа араша түседі).

Бөкей: Тоқтат (деп патша әскерінің қолынан мылтығын тартып алады). Қай басынғаның, ал мына қаруыңды. Біле-білсең мына сен тұрған жер - Жайықтың арғы беті түгелімен біздің жер.

Әскер: Бұл жер - енді Ресей империясының жері. Жерлеріңді ұмытыңдар. Тараңдар тез, әйтпесе, күш қолданамыз.

(Халық пен ақ патша әскерінің арасында қақтығыс басталып кетеді. Патша әскерлері қара халықтың көштерін лақтырып, өздерін соққыға жығып жатқан кезде. Шен киген орыстың азматтары келе жатқанын көріп, тоқтап қалады. Шен кигендер жақындап келгенде дабырлап жатқан халық тына қалды).

Шен киген бір кісі: Сын Нуралы хана Бокей султан

(Халық кімді айтып тұрғанын білсе де, үндемей тұрды).

Шен киген бір кісі: Сын Нуралы хана Бокей султан здесь?

(Халықтың арасынан Бөкей сұлтан шығып келеді. Халық аң-таң болып қарап қалған).

Бөкей: Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлы мен боламын.

Шен киген бір кісі: Вы направляли письмо Царю?

Бөкей: Жолдаған болатынмын.

Шен киген бір кісі: Ваше Величество, Вас, Ваших людей взял под свое покровительство, издал Указ, ознокомтесь с ним.

Я принимаю с почтением председателя советников хана малой киргизо-хайсакской Орды Бокей султана Нуралы, разрешаю ему переехать на те места, куда он пожелает и в знак благодарности вручаю золотую медаль с моим изображением.

Казахам, находящиемся под предводительством Бокей султана, даем разрешение переехать от Малой и Большой реки до гор Богда и в окрестности Дудацкого и Телепнева, проходящие через Шапшашы. Специальный указом государства выделено 6500 тыс десятины земля Бокей султаны (Сұлтанның мойнына медаль тағып, жарлықты тапсырады. Халық мән-жайды түсінгендей риза болып қалады).

Бөкей: Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына қоныстанып, Ішкі Орданы құру арқасында біз ата-бабамыздың жерін сақтап қалатын боламыз. Шығай, елге жеткізіңдер Жайықтың оң жағалауына өтіп Жасқұста қоныстансын.

Шығай: Жарайды, сұлтан!

(6 көрініс)

Жайықтың оң жағалауына өткен ел мәз-мейрам болып, отауларын тігіп, ат шаптырып алыс-жақын ағайын туысқа хабар жіберіп жатыр.

Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Қ. Бүйенбай