Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.

Дрон операторы

Дрон – ұшқышсыз аппарат. Оның көмегімен алыс жерлерге ұшып барып келуге болады, аппарат қазір көптің ісін тындырып жүр. Әлемде өрт сөндіріп, суретке түсіріп, алып қалалардың ластануын  анықтайды. Ал сауда компаниялары осы аппараттарды жеткізу құралы ретінде пайдаланбақшы. Оператор мамандығы дронды басқару үшін де қажет болады. Олар дронның маршрутын белгілеп, оның қызметіне жауап береді.

Экодизайнер

Экодизайнерге қойылатын басты талап: қиял. Қияли адамдар не үшін қажет? Олар заттан екінші «зат» дайындай алады. Яғни, олар фантазиясына сеніп, ескі дүниелерден жаңа тың заттарды қайта шығаруы тиіс. Ол жасаған дүние табиғатқа кеселін тигізбеуі керек. Сонымен қатар, ол істен шығайын деп жатқан бұйымдардың болашағын көре алуы қажет.

Электрокөлік механигі

Электр қуатымен жүретін көліктер – болашақтың еншісіндегі ең керемет көлік. Себебі, қоршаған ортаға зияны жоқ әрі тиімді. Олардың саны әлем бойынша аса көп емес, бірақ қарқынды түрде қатары артып келеді. Механик электрокөліктерді жөндеп, электромоторларының қызметін тексеріп, барлық жүйесіне жауап береді. Олар көбіне электрика туралы бес саусақтай білуі тиіс.

Егде адамдарды оқытатын маман

Зейнет жасына келген адамдар көбіне заманауи өмір ағымына енгісі келеді. Жастар секілді технологияның қыр-сырын меңгергісі келеді. Сол үшін зейнет жасындағы адамдарға арнайы курстар мен шеберлік дәрістері көбейетін болады. Сәйкесінше оларға түсіндіріп беретін мамандардың да саны артады. Егде тартқан кісілерге қойылатын талап мықты: үлкен адамның психологиясын жақсы білуі керек. Оларға арналған арнайы әдістеме де жасақталады.

Медициналық роботтарды жобалаушы

Медициналық кибермаман – робототехникадағы жаңалық. Олардың саны әлем бойынша өте аз. Бірақ, сұраныс көп. Күрделі оталарды жасайтын медициналық роботтарды құрастырушылар кибердәрігерлердің механизмін және бағдарламасын жасақтайды. Олар тек роботехнологияда ғана емес, медицинада да сауатты болуы керек.

Аэробиолог

Аэробиология – атмосферадағы микроорганизмдерді зерттейтін ғылым. Бұл ғылым биология, инженерия, география, метеорология, экология, медицина, оптика және физика ғылымдарының тоғысында пайда болған. Аэробиолог Жердегі барлық ауа қабатын зерттейді. Мысалы, экожүйеде қандай микроорганизмдер өмір сүреді, олар бір-бірімен қалай зат алмасады, қалай қозғалады деген сұрақтарға жауап іздейді.

Сонымен қатар, аэробиологтар қауіпті аурулардың таралуын тоқтатуға себепші. Бұл мамандар ауаның неден ластанатынын жаңа әдістермен анықтайды.

Жалғасы бар...

1257 2
Рейтинг: +1

Фото: Archidom.ru
Қосылған күні: 11 мамыр, 08:00
Пікірлер
+1
11 мамыр, 17:22

Барлық мамандықтар қажет, тек қана өз мамандығын өте жақсы игерген адал мамандар көп болса екен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...