Робототехнология қалай пайда болды?

 Робототехнология  қалай пайда болды?

«Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың  пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920  жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга»  деген мағынаға ие.

1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы  роботты  көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу  мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын.

“Seiko Epson” деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты құрастырды. Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр.

1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо Да Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған. Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо Да Винчидің 15-ші  ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба нұсқаларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vinci’s robots» деген кітап басып шығарды.

Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов, робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады. Айзектің кітабына негізделген «Мен, роботпын» атты фильм де түсірілген. Картина үстіміздегі 2014 жылы Уилл Смиттің басты рөлді сомдауымен түсіріліп шықты.

1-заң: роботтың адамға зақым келтірмеуі керек

2-заң: робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті

3-заң: робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек

Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бұрын роботтардың іс әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әр түрлі музыкалық  аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әр қандай тақырыптар бойынша  кеңестер бере алады-мыс.

Жыл сайын Жапонияда  инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интеллектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Оның емтихан қорытындысы  бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы  үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүние жүзі тарихы, математика және жапония тарихы. Лингвистика  тақырыбына келгенде, жапон мен ағылшын тілінен төмен көрсеткіш көрсетті. Жапон ғалымдары роботтары Жапонияның ең үздік саналатын «Токио Университетінің» қабылдау емтихандарын беске тапсырмайынша жұмыс жасай бермек.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:trendclub

Н. Нұрмаханұлы