Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ең табысты мамандықтар

Ең табысты мамандықтар

Ең табысты мамандықтар

Мына жалған дүниеде қалың қалтаны, бақуатты өмірді, шіріген байлықты армандамайтын адам кем де кем. Ақшаның көктен жаумайтындығын да жақсы білесіз. Бай боламын, табысқа жетемін десеңіз белгілі бір кәсіптің қожайыны болу керек екендігіңіз тағы бар. Бүгінгі жазбамыз да дәл осындай, табыспен табыстырар мамандықтар туралы болмақ.

1776 жылы Адам Смит өзінің "Халықтардың табиғаты мен баю себебі жайлы зерттеу" атты классикалық туындысында: "Әлемдегі ең қауіпті және тәуекелді талап ететін, солай бола тұрғанмен ең табысты мамандық - бұқпа саудагер (контрабандист). Бір сәтте байып шыға келуіңіз немесе тақыр кедей атануыңыз мүмкін" деп жазған екен.

Ал қазір ше? Қазіргі заманғы мамандықтар қандай күйде? Назар аударыңыз!

10-орын. Қолайсыз мамандық ретінде зергерлікті атауға болады. Әрине, әшекей бұйымдардың бағасы өте қымбат екендігін жоққа шығармаймыз. Оны жасауға кететін материалдар да соншалықты қымбат болғандықтан байып кетуіңіз екі талай дер едік.

9-орын. Кейде қасапшылардың қалтасының қалындығына қарап аузымыздың суы құрып жатады. Асықпаңыз! Адамдар күніге бифштекс үшін айтарлықтай қаржы жұмсайтын шығар, бірақ қасапшылар да етті қолға түсіру үшін елеулі қаржы жұмсайды.

8-орын. Заңгер! Айтыңызшы, өміріңізде бір рет болсын заңгер болсам - бай боламын деген ойға жолап көрмедім деңізші?! Қателесесіз. Заңгер болу үшін көп еңбектенуіңіз керек, бірақ біздің елде сізді қанағаттандыратын бағаны төлей алатын тұрғындардың жоқ екендігін, қазір елімізде екінің бірі осы мамандық иегері екендігін естен шығарып алдыңыз. Қазақстандық құқық зерттеушісі үшін орташа еңбекақы – 123 704 теңге, өте жақсы маман үшін – 519 557 теңге. HR-зерттеулерге сәйкес, бұл салада аз да болса, өсу байқалады. Бірақ, АҚШ-та адвокат сағатына 50$-дан 600$-ға дейін алады. Сондықтан, шетелде заңгер болам десеңіз бір бөлек әңгіме.

7-орын. Шетелдегі кеңесшілер (консультант) сағатына 100-200$, дизайнерлер 20-70$ табады. Ескеріңіз, кеңесші - сауда орталықтарында "сізге көмек керек пе?" деп жабысатын кісі емес. Кеңесші - кез келген жағдайда тиімді кеңестер ұсына алатын белгілі бір саланың білгір маманы.

6-орын. Депутаттыққа немесе президенттікке кандидаттардың сайлау алды науқанын жүргізуге арналған штабтардың алдыңғы қатарлы саясаттанушысы болсаңыз өте қолайлы болмақ. Сондай-ақ, жеке психолог болудың да тиімділігі жоқ емес.

5-орын. Келесі бір ауқымды жалақы алатындар - ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласының мамандары екен. Сала бойынша орташа еңбекақы – 118 755 теңге, жоғары – 504 659 теңге. Мұнай-газ салаларының мамандары үшін орташа бір айлық еңбекақы – 197 926 теңге, ал жоғарысы – 3281 643 теңге.

4-орын. Шоу-бизнес әлемінде продюсер болудың да пайдасы жоқ емес. Ол үшін сізде жұмыс тәжірибесі және таныстарыңыз көп болуы керек. Екеуінен мақұрым болсаңыз ақша туралы армандамай-ақ қойыңыз.

3-орын. Бағдарлама жасаушылар, админстраторлар, қаржы саласының кеңесшілері, инженерлер, байланыс қызметкерлері де жаман табыс таппайды. Ал маркетинг, жарнама және PR бойынша мамандардың еңбекақыларының орташа деңгейі – 108 857 теңге, жоғары – 716 656 теңге.

2-орын. Сауда-өнеркәсіптік холдингтің бас директоры немесе қаржы директоры болсаңыз жаман табысқа кенелмейсіз. Кәсібіңіз мұнай және фармакология саласына қатысты болса тіптен жақсы.

1-орын. Ал әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көшбасшылық танытып тұрған - жеке фирма басшылары екендігіне таңырқамайсыз деп ойлаймын.

Ал сіздің мамандығыңыз қандай?

Суреттер: alashainasy.kz, kaz.emer.gov.kz, aitaber.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

46511 20
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 ақпан 2013, 16:21
Пікірлер
+1
27 ақпан 2013, 17:45

Әй, осы филолог болып не етпекпін, а? Қазақтыің экономикасын алға жүргізер бір маман болуым керек еді. Топырлаған сөзшілдер не бітіріп жүрміз? деп ойлаймын кейде ;)

+0
27 ақпан 2013, 20:53

менін таңдап отырғаным тілмәш. Бірақ аліде сенімсіз

+0
27 ақпан 2013, 22:11

экономшы, әкімшілік маманы 8-)

+0
28 ақпан 2013, 00:25

Маркетологтар жақсы алады екен

+0
28 ақпан 2013, 01:00

қаржыгер мамандығын бітіргенім дұрыс болған екен бір қуантып тастадыңыз ғой. ;)

+0
28 ақпан 2013, 01:06

Auyl sharuashylyk jane osimdik korgau agranomy!!! Auyldy orkendetem!!!

+0
28 ақпан 2013, 11:51

ОО ия ауылды оркендет!!!

+0
28 ақпан 2013, 11:50

Керемет! Менің мамандығым қаржыгер, экономист, бірақ соншалықты еңбекақым жоғары емес.....

+0
26 мамыр, 13:35

Қаржыгер сонда орташа қанша алады

+0
28 ақпан 2013, 14:49

менікі де сондай Баха

+0
04 наурыз 2013, 23:44

5B073100

+0
18 наурыз 2013, 17:09

Дизайнер)))

+0
18 наурыз 2013, 17:37

Менің мамандығым кадастршы (картогроф, геодезис, жерге орналастырушы) жалақысы өте жоғары!!!!
Кадастр мамандығын көбі біле бермейді. Ол қандай мамандық деген сұрақ алам әрдайым.))) Қиын, бірақ қызықты.

+0
02 қараша 2014, 22:15

Мениң мамандығым кадастршы ,сиз оз мамандығыныз бойынша жұмыс істеп журсізба?мен оз мамандығым бойынша жұмысқа кіре алмай жүрмін жұмысқа солесуім үшін кімге барып солессем болады маган осы жонінде кенес берінізші...

+0
20 маусым 2013, 18:05

сетевиктер коп алад казир

+0
16 қазан 2014, 22:25

Дефектолог яғни арнайы педагог өте қызықты мамандық :mrgreen:

+0
15 қыркүйек 2015, 19:32

психолог мамандығы туралы не айта аласыз?

+0
23 қараша 2015, 13:58

Телкомуникатция

+0
11 ақпан, 17:28

Мені қаржыгер-экономист, туризм саласы, инженер, жеке бизнесмен, халыққа қызмет көрсету орталығы. Жалпы айтқанда қағазбен жүретін жұмыс істегім келеді. Құдай қаласа осылардың ішінен бір мамандық таңдап кетермін деген үміттемін. Мағап бұдан бөлек немесе осы мамандықтар айналасындағы басқа да жақсы мамандықтар таңдауға көмектессеңіздер...

+0
05 наурыз, 00:09

Менің таңдап отырғаным дәрігер- травматолог болсам деймін. Мен инженерия, , әсіресе ауыр техника, салаларында жоғары білікті қазақ мамандары көп болса деймін. Мысалы көптеген жұмыс орындары бағалы техникамен қамтылған. Сол станоктардың біреуі істен шықса оған сол техниканың тілін түсінетін басқа шетелден адам шақыру керек. Барлығы басшы болса қарапайым жұмысты кім істейді!

+0
21 тамыз, 18:55

Архитектор мамандығының табысы қанша екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...