Доллар бағамы 337,8 теңгеге дейін көтерілді

Доллар бағамы 337,8 теңгеге дейін көтерілді
Фото: kazfin.info

2015 жылдың 15 желтоқсанында KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 337,8 теңге болды.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 333 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға −338,64 теңге. Сауда көлемі 127,25 миллион доллардан асты. Алдыңғы саудаға қарағанда доллар шамамен 2 пайызға қымбаттады.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсанда KASE күндізгі сессиясы 331,33 теңгемен жабылған еді. Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындары долларды 337-340 теңге аралығында саудалады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін