Доллар бағамы 331 теңгеден асты

Доллар бағамы 331 теңгеден асты
Фото: kapital.kz

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 331,33 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы көрсеткішпен бүгінгі сауда аяқталды.

Күндізгі сессия кезінде алғашқы келісім 330,1 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 333,9 теңге. Сауда көлемі 345,45 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz мәліметі бойынша, доллар 330-333,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, таңғы сессияда доллар 322,47 теңгеге тең болған еді. Ол кезде қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 325-330 теңге аралығында саудаланды. Бір күн ішінде доллар бағамы осылайша екі рет тарихи антирекорд орнатып отыр.

Қ. Бүйенбай