Синоптиктер елімізде мереке күндері қандай ауа райы күтілетінін айтты

Синоптиктер елімізде мереке күндері қандай ауа райы күтілетінін айтты
Фото: allpix.com / идет снег all-pix.com

Синоптиктер алдағы мереке күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты. "Қазгидромет" кәсіпорны 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, орталығы Моңғолиядағы қатты антициклон демалыс күндері республиканың көптеген облысында жауын-шашынсыз ауа-райын ұстап тұрған. "Температура шеткі оңтүстік аудандардан басқа жерлерде нормадан 3-9 градусқа жоғары болды. Онда температура қалыпты температурадан 1-3 градусқа төмен болды. Жақын арадағы тәулікте антициклон әсері сақталады. Бірақ Поволжьеде қалыптасқан циклон Қазақстан арқылы солтүстік-шығысқа жылжи бастайды. Онымен бірінші батыста, содан соң мереке күндері 16-17 желтоқсанда қалған аумақта қар жаууы, көктайғақ, жел кей жерлерде секундына 15-25 метрге жетуі және бұрқасын болуы күтіледі. Күндізгі температура бұрынғыдай 0 градус шамасында болады, ол осы кезеңге орташа көпжылғы мәннен жоғары", − делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін