iPhone-ның жай ғана бренд екені тағы бір рет дәлелденді (видео)

iPhone-ның жай ғана бренд екені тағы бір рет дәлелденді (видео)
Фото: www.pcadvisor.co.uk

Осыдан бірнеше күн бұрын жаңа iPhone таныстырылды. Дегенмен әзірге ешбір ресми дүкенде сатылымға шыққан жоқ. Америкалық тележүргізуші Джимми Киммел (Jimmy Kimmel) сауалнама жасау арқылы тұтынушылардың неліктен iPhone сатып алуға құмар екендігін анықтады. Сонымен Apple фанаттары не үшін ақша төлейді екен? Брендке ме, дизайнға ма, әлде смартфонның функционалдық мүмкіндіктеріне ме?

Джимми сауалнамаға 2007 жылы сатылымға шыққан ең алғашқы iPhone-ды алып шығып, оны жаңа iPhone 6s деп таныстырған. Нәтижеде көптеген АҚШ тұрғыны смартфонды ұнатып қалып, сатып алғысы келетіндерін де айтқан. Тіпті сауалнамаға қатысушы орта жастағы әйел жаңа аппаратты өзіндегі iPhone 6 смартфонымен салыстырып, жаңасын сатып алуға үгіттейді.

Демек Apple тұтынушылары iPhone смартфонының модельдерін ажырата білмейді. Бастысы «алма» логотипі болса болғаны. Себебі Apple кез келген гаджет шығарса да, нарықта көп сұранысқа ие болатыны белгілі. Бұл өнімнің брендтік атауы қоғамда толықтай қалыптасқанын білдіреді. 

Ж. Өрісбай