Аустралия азаматы iPhone кезегіне алғашқылардың бірі болып тұрды

Аустралия азаматы iPhone кезегіне алғашқылардың бірі болып тұрды

Apple компаниясының сиднейлік фанаты Симус Байарн Сан-Францискодағы жаңа iPhone 6s таныстырылмас бұрын Сидней қаласының Джодж көшесіндегі Apple Store дүкені алдында сатып алу кезегіне тұрды. Бұл туралы IBTimes ресурсы хабарлады.

Ал аустралиялық, шынымен де, жаңа смартфонды бірінші болып алғысы келетіндердің қатарында ма? Расында жыл сайын жаппай сатылым басталуға аз қалғанда адамдар кезекке тұрып, сосын өз орнын қомақты ұсынысқа сатып жібереді.

Расми түрде берілген мәліметке орай, жаңа iPhone 18 қыркүйек күні алғашқы тізімдегі он елде сатылымға шығады. Айта кетсек, Apple компаниясының АҚШ, Канада, Франция, Гонконг, Аустралия, Жапония, Германия, Пуэрто-Рико, Сингапур және Біріккен Корольдік елдеріндегі ресми дүкендері iPhone 6s смартфондарын сатуға шағармақ.

Аустралия азаматы тек өз елінде ғана емес, бүкіл әлемде тұңғыш iPhone 6s тұтынушысы атануы мүмкін. Себебі Сиднейдегі Apple Store Токиодағы компания дүкенінен бір сағат ерте ашылады. 

Ж. Өрісбай