iOS платформасы туралы не білесіз?

iOS платформасы туралы не білесіз?
Фото: appleinsider.ru

iOS – Apple компаниясы құрастырған планшет, смартфон, музыкалық плеер және смарт-сағатқа арналған операциялық жүйе. Ол 2007 жылы жарыққа шығып, 2010 жылдың 24 маусымына дейін iPhone OS деп аталған. Америкалық компанияның платформасының Windows Phone (Microsoft) және Android (Google) операциялық жүйелерінен айырмашылығы – ол тек Apple өнімдерінде ғана қолданылады.

Ал ендеше операциялық жүйе туралы өзге де мәліметтерді төмендегі тест көмегімен ала аласыздар.

1. iOS платформасына орнатуға болатын iPhone смартфондарының ең ескі моделін көрсетіңіз.
A) 5s
B) 4
C) 3G
D) 5
E) 4s


2. iOS операциялық жүйесінің қай нұсқасында Apple Music музыкалық қызметі пайда болды?
А) 8.0
В) 8.3
С) 8.1
D) 8.4
Е) 8.2


3. AppSnapp дегеніміз не?
А) Apple бағдарламашылары бірінің лақап аты
В) AppStore онлайн дүкеніндегі қосымша
С) iOS джейлбрейкінің алғашқы атауы
D) Қосымшалардың альтернативті дүкені
Е) Apple компаниясының музыкалық қызметі


4. Apple iOS 5 нұсқасы таныстырылған кезде қай функциясын жарнамалаған?
А) Apple Maps
В) Passbook
С) 3D Touch
D) iMessage
Е) Siri


5. iOS 9 нұсқасындағы "Notes" қосымшасында нені жасауға болмайды?
А) Сурет жүктеуге
В) Видео жүктеуге
С) Жазбаларды көшіруге
D) Жазбалар жасауға
Е) Дисплей дизайнын өзгертуге


6. iOS 9 платформасының бірнеше бет ашу функциясы iPad планшеттерінің қай моделіне бейімделмеген?
А) iPad Air
В) iPad mini 3
С) iPad Air
D) iPad Pro
Е) iPad mini 4


7. iPhoneOS платформасының қай нұсқасы iOS деп атала бастады?
А) 2
В) 5
С) 3
D) 7
Е) 4


8. iOS операциялық жүйесінің қай нұсқасында iMessage қосымшасы таныстырылды?
А) iOS 4
В) iOS 6
С) iOS 5
D) iOS 6.1
Е) iOS 5.1


 9. iOS платформасында қай функция жоқ болған?
А) көшіру/қою
В) Passbook
С) FaceTime
А) Құжаттар
Е) Note


10. Apple компаниясының операциялық жүйесі қашан жарыққа шықты?
А) 2007 жылы
В) 2010 жылы
С) 2011 жылы
D) 2008 жылы
Е) 2002 жылы
Жауаптарды тазарту
Ж. Өрісбай