iOS 9 платформасын қанша қолданушы жүктеп үлгерді?

iOS 9 платформасын қанша қолданушы жүктеп үлгерді?
Фото: appleinsider.ru

iOS 9 платформасы таныстырылғаннан кейін бір күнде Apple гаджеттерін қолданушылардың 12,5%-ы өз операциялық жүйесін жаңартты. Ал кешкі сағат 16:00-дан асқан кезде (Тынық мұхитының сағаттық белдеуі бойынша) пайыздық мөлшер 15-ке жеткен. Ол кезде «алма» девайстары қолданушылардың 78%-ы iOS 8 нұсқасында қалып, қалған 7%-ы одан да ескі платформада болған. Бұл өткен жылғы платформаға көшу үдерісінің көлемімен тең көрсеткіш болып отыр. Ал iOS 7 рекордын әзірге ешбірі жаңарта алған жоқ.

iOS 9 операциялық жүйесі 9 қыркүйекте таныстырылған барлық қосымшаларды қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа платформа 3D Touch технологиясына ие болған iPhone 6s пен iPhone 6s Plus смартфондарының бағдарламалық шешімдерін өзінде қамтыған. Сонымен қатар, iOS 9 iPad Pro планшетіне арналған жаңа функцияларды да ұсынады. Ал Apple смартфондарының әлемдік нарыққа шығу күніне операциялық жүйенің iOS 9.1 нұсқасы шығарылуы мүмкін.  

Ж. Өрісбай