Қанат Исламның Алматыдағы жаттығуы (видео)

Қанат Исламның Алматыдағы жаттығуы (видео)
Фото: Қанат Ислам (facebook парақшасы)

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазан күні Алматыда жекпе-жек өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – ганалық Патрик Аллотей.

Қанат Ислам қарсыласына қарсы өткізетін жекпе-жек алдындағы жаттығуларының барлығын Алатау бөктерінде өткізді. Ұзақ дайындалды да. Себебі Патрик Аллотейге қарсы кездесуі қазақстандық боксшы үшін жоғары маңызға ие. Боксшы үшін чемпиондық атақтарға таласуға жол ашылады. Олай болса боксшының дайындығынан түсірілген арнайы бейнесюжетерді тамашалаңыздар.

Алматыдағы бокс кешінде Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Ө. Сансызбай