Димаш жартылай финалда италия тілінде ән шырқайды

Димаш  жартылай финалда италия тілінде ән шырқайды
Фото: vk.com

Димаш Құдайберген «Singer 2017» ән байқауының жартылай финалында  италия тілінде ән шырқайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Sina Weibo әлеуметтік желісінде Димаш жаттығу кезінде италиялық әнші Адриано Челентаноның әйгілі "Confessa" әнін орындағаны туралы ақпарат тарады.

Адриано Челентано "Confessa" әнін алғаш рет 2002 жылы орындаған. Әншінің 2012 жылы Youtube хостингіндегі жеке арнасына жүктелген ән бейнебаянының көрілімі 5 миллионға жақындаған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекелерін аяқтап, жалпы есепте бірінші болып финалға өтті. Байқаудың жартылай финалы 8 сәуірде Hunan TV теларнасынан көрсетіледі.

Ж. Жұмағұлов