Димаш Голливуд фильмінің саундтрегін орындады (видео)

Димаш Голливуд фильмінің саундтрегін орындады (видео)
Фото: vk.com

Қытайдағы «Singer» байқауында ерекше өнерімен әлемге танымал болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қытайдағы дистрибьюторлық компания Weibo әлеуметтік парақшасында хабарлап, картинаның 10 секундтық трейлері мен фото-афишасын жүктеді. Weibo-дағы ақпараттарға қарағанда, фильмді жарнамалау мақсатында арнайы түсірілген клипте Димаш «Go Go Power Rangers» әнін орындады.

«Power Rangers» американың Lions Gate Entertainment және Қытайдың TIK Films компаниялары бірлесіп түсірген супербатырлар жанрындағы кино. 24 наурыз күні Америкада және Тайванда таныстырылымы өткен. Қытайда прокатқа сәуір айының басында шығады деп күтілуде.  

Ж. Жұмағұлов