Димаш туралы соңғы жаңалықтар

Димаш туралы соңғы жаңалықтар
Фото: vk.com

Бүгінде бүкіл қазақстандықтар талантты әнші Димаштың жанкүйеріне айналды десек қателеспейміз. "I am singer" ән байқауының финалисі, отандасымыз Димаш Құдайбергенов жайлы соңғы ақпараттармен таныс болыңыздар.

1. 27 наурыз күні Димаш Шанхай қаласында өтетін музыкалық бағдарламаның (Chinese Music Award) марапаттау салтанатына қатысады. 

2. Сондай-ақ 28 наурыз күні  Шанхай қаласында Swisse & Tmall жарнама акциясының салтанатты іс-шарасына қатысуды жоспарлаған екен. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш 10-кезеңде өзінің "Ұмытылмас күн" әнін орындап, 3 орын алды. Жалпы есеп бойынша алдыңғы қатардан көрініп, финалға шықты. Ал екі кезеңнен тұратын финал 8 және 15 сәуір күндері тікелей эфирден көрсетілмек.

Ж. Жұмағұлов