Димаш өз мансабын Қытайда дамыта алады деп ойлаймын – елші Ханьxуэй

Димаш өз мансабын Қытайда дамыта алады деп ойлаймын – елші Ханьxуэй
Фото: vk.com

Бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың мәдени нарығындағы таңғажайып жетістігіне қатысты өз пікірін білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Димаш таңғажайып жетістікке жетті. Ол Қытайдың жарқын жұлдызына айналды. Әрине, қазақстандықтар үшін бұл - өте үлкен бонус. Өзім сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Негізі, қазіргі байқауды көрсетіп жатқан "Хунань" арнасы кеңінен танымал. Оның эфирінен сан алуан бағдарлама көрсетіледі. Алайда шетелдің азаматтары көп түсе бермейді. Димаш болса, бірден жарқ етіп, жастардың көзіне түсті, солардың көзайымына айналды. Әсіресе, жас жеткіншектер оны қатты сүйеді, қатты емес, құлай сүйеді деуге болады. Оның дауысына ғана емес, мінезіне де тәнті болды. Димаштың бойынан қазақ xалқының мәдениеті, Ұлы Даланың мінезі барынша байқалады. Міне, дәл осы қасиет қытайлық көрермендердің қызығушылығын арттырып отыр. Қытайда Димаш өте танымал, барлық көрермен дерлік оны біледі. Сондықтан ол өзінің мансабын Қытайда дамыта алады деп ойлаймын. Ол - бір. Екіншіден, ол Қытайдың мәдени нарығында Қазақстанның таныстырылымын өте жақсы жасады. Енді, қазақстандықтарға Қытайдың мәдени нарығына жол ашық", - деп атап көрсетті елші.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Чжан Ханьxуэй Қытайдың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қытайда жыл сайын 13,1 млн. жаңа жұмыс орыны ашылып тұрады.  Одан бөлек, елші Астанадағы ЭКСПО кезінде қытайлықтарға жатын орындардың жететініне күдіктеніп отыр. Сондай-ақ Чжан Ханьxуэй "қытайлық қатер" туралы мифті жоққа шығаруға тырысты.

Ж. Жұмағұлов