Британ поштасы Дэвид Боуи бейнеленген марка шығармақ

Британ поштасы Дэвид Боуи бейнеленген марка шығармақ
Фото: www.vogue.com

Британиялық атақты рок әнші Дэвид Боуидің мерейтойына орай Ұлыбритания поштасы 10 марка түрін шығаруды жөн көріп отыр. Олардың алтауында әншінің «Aladdin Sane», «Heroes», «Let’s Dance», «Earthling» және «Blackstar» аталатын альбомдарының мұқабасы болса, қалған төртеуінде Боуидің өз суреті орналастырылмақ.

Маркалар наурыз айының 14-жұлдызынан бастап сатылымға шығады.  

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы даңқты рок әнші Дэвид Боуи мезгілсіз өмірден өтті. Ол «Blackstar» атты энигматикалық (құпия, жұмбақ) альбомы жарыққа шыққаннан кейін 2 күннен соң бақилық болды. 

А. Оралқызы