Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Еуропаның үздік күйтабақ дүкендері

Еуропаның үздік күйтабақ дүкендері

Еуропаның үздік күйтабақ дүкендері

Музыканы өмірінің мәніне айналдырған жандар үшін Лондон, Рим, Париж сынды өнер ордаларының винилді қазына қоймалары туралы ақпарат аса құнды болары анық.

Биыл Нью-Йорк қаласындағы үздік күйтабақ қоймасы саналатын Other Musiс дүкені жұмысын тоқтатқан болатын. Мұндай жағдай жөнсіз орын алмады. Себебі, техникалық даму нәтижесінде, соңғы кездері тыңдарман күйтабақ сатып алғанға қарағанда ғаламтор арқылы музыка тыңдауды сәнге айналдырған.

Дегенмен, ескіліктен де көркемдік көріп, көне дүниелер жанына жылу сыйлайтын жандар үшін біз әлі күнге жұмысын тоқтатпаған бірқатар еуропалық үздік таспа дүкендері туралы танымдық ақпарат беруді жөн көріп отырмыз.

Sounds Of The Universe (Лондон) 

Лондонға бара қалсаңыз, метромен Picadilly Circus аялдамасынан шығып, алаңға қарай бет алыңыз. Кейін Шафтсберри авенюмен жүріп отырсаңыз, Бервик-стритке жетесіз. Бұл қиылыстың суреті өз заманында Oasis рок тобының  бір альбомының мұқабасында болған. Осы жерде орналасқан саз таспаларын сататын қазыналы қоймалар сағат 11-ден кете ашыла бастайды. Көптеген тыңдармандардың жердегі жұмағына айналған Бервик-стрит қазір күші кеткен қарияға ұқсайды. Осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын тасы өрге домалаған таспа дүкендері жабылып қалған. Бірақ, бақытымызға орай, атақты Сохо кварталындағы (нақтырақ Broadwick street) Sounds Of The Universe  күйтаспа қоймасы құлақ құрышын қандырар саз таспаларын әлі сатып тұр.

Бұл дүкен аты жер-жаһанға мәшһүр Soul Jazz Records лейблімен (тауар белгісі) тікелей байланысты. Аталмыш мекеме қазіргі заманның музыкасына деген өткір түйсігі мен құнды қазынасы арқылы танымал. Олар коллекциялық қайта шығарумен айналысады. Оның қорынан таппайтын дүниеңіз жоқ. Жаңаорлеандық фанк, чикаголық эйсид-хаус, бразилиялық постпанк, кингстондық регги, джаз, венесуэлалық техно, үндістандық диско, нигериялық калипсо... Бәрі, бәрі осында...

Айрықша атмосферасы мен құнды қорының арқасында Sounds Of The Universe дүкенінде музыканың шексіз құдірет екенін іштей түйсіненсіз.

Born Bad (Париж)

Born Bad Бастилия алаңынан 5 минуттық жерде орналасқан. Жоғарыда атап өткен лондондық Sound Of The Universe дүкені секілді бұл да Soul Jazz Records лейблімен симбиотикалық қатынаста. Born Bad тривиальды емес, яғни баламасыз және түпнұсқа таспалар шығаруымен ерекшеленді. Мысалы, аталмыш дүкен 90-шы жылдары  галльдік психоэстрадаға жататын Wizzz! таспасын шығарған еді. Бұдан өзге дүкен қорында ұлттық және колониялық жәдігерлер де сақталған. Камерундық джаздан бастап Dorian Pimpernel секілді шансон-электроникаға дейінгінің бәрі бар.

Бірақ, аталмыш дүкен басқаларына қарағанда санынан гөрі, белгілі бір музыкалық бағыттағы үлкен таңдау ұсынуымен ерекшеленеді. Мысалы, Сорбоннға жақын маңдағы Crocodisq дүкенінде түрлі бағыттағы таспалар көптігі сонша, оны аралап бітіру мүмкін емес. Ал, Born Bad қоймасында гитаралық рок бағытына көп көңіл бөлгендіктен, ондағы таспалар панктан бастап психобиллиге дейінгі диапазонды қамтиды.

Айтпақшы, дүкенге жақын тұста Café de L`industrie аталатын жайлы орын бар. Ерекше күйге енгісі келетіндер үшін онда су жаңа таспа тыңдау мүмкіндігімен қоса, франциялық сапалы шарап дәмін татуға да болады. 

Soul Food (Рим)

Soul Food дүкені Колизейден 10 минуттық жерде орналасқан. Бір қызығы, мұнда таспалар дүкендегідей орналастырылмаған, касса маңында шашылып жатады. Дүкен иесінің Hate Records аталатын жеке лейблі бар. Олар италиялық панк-рок, пост-панк (Diaframma тобы секілді) және Клема Сакко стиліндегі комедиялық рок-н-ролл бағытындағы таспалар шығарумен айналысады. Бұл жерден жергілікті, яғни, ұлттық өнімдермен қатар жақсы ағылшын тілді рок пен поп-психоделия бағытындағы күйтабақтар да табылады.

255 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 09 қаңтар, 20:39
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...