Эмир Байғазин «Жаралы періште» фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтады

Эмир Байғазин «Жаралы періште» фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтады
Фото: baq.kz

Қазақстандық режиссер Эмир Байғазин түсірген «Жаралы періште» атты жаңа жобаның бейне-үзінділері интернет бетінде жарияланды. Режиссер «Власть» интернет-журналына берген сұхбатында фильмнің түсірілімі аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі baq.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. 

Кинокартина 4 новелладан тұрады. Байғазиннің осыған дейінгі «Асыланның сабақтары» фильмінде негізгі оқиғалар мектеп ішінде өрбісе, жаңа жобада 4 түрлі кейіпкердің жазғы демалыс кезінде бастан кешкен оқиғалары баяндалады. 

Айта кетсек, Берлиндегі киностудиялардың бірімен бірігіп түсірілген осынау халықаралық жобаға елімізден бөлек, Голландия, Швейцария, Франция, Германия, Біріккен Араб Әмірліктерінің мамандары атсалысқан. Фильмнің қашан жарыққа шығатыны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ, Эмир Байғазин тағы бір режиссерлік жұмысын дайындап жатқандығын хабарлады. «Қала үстімен» деп аталатын болашақ кинокартина мелодрама жанрында түсірілмек.

Айта кетсек, режиссердің бұған дейін түсірілген «Үйлесімділік сабағы» фильмі Словакиядағы байқауда ең үздік операторлық жұмыс ретінде мойындалып, фестивальдің «Күміс аю» жүлдесін Қазақстанға алып келген болатын. Аталған фильм әлемнің 60-қа жуық фестивалінде бақ сынап, оның жартысында жеңімпаздар қатарынан табыла білді. Сонымен қатар, фильм Аустрия, Португалия, Польша және бұдан басқа Францияның 12 қаласындағы кинотеатрларда көрсетілген. 

Қ. Бүйенбай