2014 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

2014 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

"Иллюминатор мырза" (фр. Mr Hublot) деп аталатын анимациялық қысқаметражды фильм 2013 жылы түсірілген, Франция мен Люксембургтің өнімі болып табылады. Режиссерлері Лоран Уиц пен Александр Эспигарес бұл фильм үшін 3 жылдан астам уақыт еңбектенген. 

"Иллюминатор мырза" анимациялық қысқаметражды фильмінде біздің әлемнен бөлек механика мекенінде, кішкентай үйде өмір сүріп жатқан мырза туралы айтылады. 

Марапаттары: 

2013 жыл.  "Ең үздік анимация" үшін Керри кинофестивалінің сыйлығын жеңіп алды.

2013 жыл. Варшава кинофестивалінде қысқаметражды фильмге қысқа Гран При берілді. 

2014 жыл. "Ең үздік анимациялық қысқаметражды фильм" атанып, "Оскар" жүлдесіне ие болды. 

Массагет оқырмандары! Ендеше назарларыңызға 2014 жылғы "Оскар" сыйлығын алған ең үздік қысқаметражды анимациялық фильмді ұсынамыз. 

Сурет: youtube.com

Оқи отырыңыз: 

"Оскар-2014": Қорытынды

10 үздік мультфильм

Ғарыш мысығы туралы мультфильм шықты

М. Оңғарова