Ғарыш мысығы туралы мультфильм шықты

Ғарыш мысығы туралы мультфильм шықты

Франциялық суретші, әрі режиссер Лоик Брамюль (Loïc Bramoullé) көрермен назарына “Space Cat Hob” атты қысқаметражды анимациялық фильм ұсынды.

Бұл фильмнің сюжеті Хоб атты ақылды мысық туралы. Хоб өзінің ғарыш кемесімен бөгде ғаламшарда апатқа ұшырап, сол жердің бейтаныс әрі қауіпті фаунасы мен флорасынан аман қалуды ойластырады. Брамюль аздаған командасымен бірге бұл фильмді екі жыл бойы жасаған. Сонымен қатар, «Space Cat Hob» толығымен коммерциялық емес жоба. Бұл фильмді олар жұмыстарынан бос уақытта, өз қаражат, құралдарымен түсірген. Фильмге арналған иллюстрацияларды ресми сайтынан көруге болады. “Space Cat Hob” фильмін Delapost Paris студиясының демеуімен жасаған.

Бұған дейін Лоик Брамюль 2012 жылы “Parigot” атты қысқаметражды фильм түсірген болатын. “Space Cat Hob” жобасының жұмыстары аяқталғаннан кейін ол Supamonks ойын студиясының арт-директоры қызметіне ауысты. Автордың басқа да жұмыстарын ArtStation-дағы аккаунтынан көруге болады. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: shortoftheweek.com

Y. Smaghul