Бойынан 11 000 вольтты тоқ өтпейтін бала

Бойынан 11 000 вольтты тоқ өтпейтін бала

Үндістан елінде бойында ерекше қасиеті бар бала өмір сүреді. Дипак Жандра (Deepak Jangra) есімді үнді жігіті 11 000 вольтты электр қуатын еш қиындықсыз көтереді.

Дипак 16 жаста. Ол өзінің бойындағы ерекше қасиетін кездейсоқ тауыпты. Оның айтуы бойынша, анасының жылытқыш аппаратын жөндеп отырған кезінде тоқ ұрады. Бірақ электр тоғы оған еш әсер етпеген.

Қазіргі таңда Дипак Үндістан елінде өте танымал. Оған ауыл тұрғындары жиі келіп, электрге байланысты ақауларды ретке келтіруге жүгінеді екен.

Дипактың өзі: "Шынымды айтсам, мен электр қуатынан қатты қорқатынмын. Алайда, кейіннен 11 000 вольтты күш қуаты бар электр қондырғышты ұстап көргенімде маған еш нәрсе болмады. Сол себептен де электр қуатына қатысты жұмыстарды құр қолмен-ақ жасай беремін", - дейді.

Дипак соңғы 2 жылда 60 үйдің электр қуатын қалыпқа келтірген. Кей кездері ол жұрт алдына шығып, өзінің сан түрлі әрекетімен халықты таңқалдырады. Соның бірі - электр тоғы бар екі сымды тілімен байланыстырып, күш қуатын өткізу. 

Оқи отырыңыз: 

Ғарыштан түсірілген найзағай

Үндістанда кокосты баспен жарады екен

Ең жоғарғы жалақыны Қазақстанда кімдер алады?

Австралиялық балықшылар сирек кездесетін жылан пішіндес акуланы ауға түсірді

Сурет: www.youtube.com

Н. Нұрмаханұлы