Үндістанда кокосты баспен жарады екен

Үндістанда кокосты баспен жарады екен

Үндістан елінің Тамил Наду деп аталатын кішкентай ғана ауылында жыл сайын кокосты баспен жару рәсімі ұйымдастырылады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар құдайға деген сенімін осылайша білдіреді екен.

Бұл салтқа мыңдаған үнді әйелі мен жас ұл-қыздары қатысады. Ол үшін қатысушылар тіпті ұзақ уақыт бойы кезек күтіп тұрудан шаршамайды екен. Кокос дәстүрі көптеген батыс халқының наразылығы мен сынына ұшыраған. Және де үнділердің өз арасында да түсіне бермейтіндері бар. Себебі мұндай салтты тек Оңтүстік Үндістан халқы ғана жасайды.

Кокосты баспен жару дәстүрі XIX ғасырда пайда болған. Ол кезде Үндістан колониялы мемлекет болатын. Ағылшын өкіметі Үнді жеріне теміржол төсемекші болады. Сонда ағылшын құрылысшыларының алдынан қиындықтар туған. Жолда пішіні кокосқа ұқсас тастар кедергі еткен. Содан ағылшындар үнділерге адам сенгісіз ұсыныс жасапты. Кімде-кім жолда жатқан тастарды баспен жарған болса, құрылысшылар темір жолды басқа бір жерге жүргізуі керек. Сөйтіп ағылшындардың бұл қулығы жүзеге аспай үнділер өздерін ержүрек, батыл етіп көрсеткен.

Дәстүр кезінде Тамил Наду ауылына сандаған жедел жәрдем қызметкері ат басын бұрады. Дәрігерлер әрдайым кокосты баспен жарған уақытта ми бас сүйегі қатты зақымдалады дейді. Әйтсе де, қатысушылар мұндай ескертулерге еш мән бермейді. Рәсім кезінде кей адамдар аурудан зар жыласа, екінші біреулері медитацияға еніп, бір дыбыс шығармай шыдайды. 

Оқи отырыңыз: 

Кокос тәжірибесі (видео)

Үндістан туралы не білесіз?

Үндістан мұзды көліндегі сырлы қаңқалар

2030 жылы Үндістан Қытайды басып озады

Сурет: avivas

Н. Нұрмаханұлы