Ең жоғарғы жалақыны Қазақстанда кімдер алады?

Ең жоғарғы жалақыны Қазақстанда кімдер алады?

2014 жылдың желтоқсан айының көрсеткішіне сәйкес еліміздегі ең жоғарғы және ең төменгі жалақы мөлшері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі іскерлік ақпарат орталығы Kapital.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ең жоғарғы жалақыны кен өнеркәсібі жұмысшылары алады екен. Олардың жалақысы 341,4 мың теңгені құрайды. Бұл республикалық орташа деңгейдегі жалақыдан 2 есе жоғары. Екінші орын қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлеріне тиесілі. Олардың айлық жалақысы - 329,1 мың теңге. Орташа жалақыдан 2,1 есе жоғары. Мамандар кәсіпке, ғылымға, техникаға байланысты салалармен айналысу арқылы айына 308,3 мың теңге жалақы алады екен. Аталған жалақы орташа жалақыдан 2 есе жоғары.

Ал ауыл, орман және балық шаруашылығымен айналысатын адамдар айына 75,8 мың теңге айлық алады. Олардың жалақысы орташа көрсеткіштен 51% төмен.

Ең жоғарғы жалақы аймақтық көрсеткіштерге сәйкес Маңғыстау облысының қызметкерлеріне тиесілі. Республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары жалақы 317,9 мың теңгені құрайды. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары айына 90,9 мың теңге алады. Бұл көрсеткіш орташа деңгейден 41,2%-ға төмен.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес орташа жалақыны есептеу кезінде жұмысшыға берілетін сыйақы және салық ретінде алынатын ақша ескерілді.

Сурет:kapital.kz 

Қ. Бүйенбай