Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Анемиядан арылу жолдары

Анемиядан арылу жолдары

Анемиядан арылу жолдары

Анемия немесе қан аздық ауруына бүгінгі таңда көптеген жандар ұшырауда. Дәрігерлердің айтуы бойынша, анемия ауруына қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Әсіресе, 4,5-5 жастағы балалар көп ауырады. Анемия балалардың бойларының өсуіне, буындарының қатуына, тістерінің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді.

Анемияның белгілері

Егер де теріңіздің бозарғанын, басыңыздың қайта-қайта айналып, ағзаңыздың әлсіреп, көзіңіздің қарауытқанын байқасаңыз, сізге дереу дәрігерге жолығу керек. Сондай-ақ, аяқ-қолыңыз тартылса, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып, тістеріңіз тазалаған кезде қанаса, денсаулығыңызды тексертіңіз.

Анемия қалай пайда болады?

Анемияның пайда болуына ағзадағы темір мен В12 дәруменінің жетіспеушілігінен, қандағы гемоглобин көрсеткіштігінің төмендігінен туындайды.  Сондай-ақ, ацетилин қышқылы немесе ибупрофен дәрілерін жиі қабылдау мен онкологиялық аурулар себеп болады. Кішкентай балаларда анемия инфекциялық аурулардан пайда болады.

Анемия ағзадағы темірдің аздығынан болады. Бұл олқылықты толтыру үшін міндетті түрде, ас мәзіріңізге зер салыңыз. Дұрыс тамақтанбау мен ағзаға кері әсерін тигізетін тағамдармен ауқаттану анемияға жол ашады. Сондықтан да, көп мөлшерде жеміс-жидектер (оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат, құлпынай т.с.с) мен көкөністер (қызылша, сәбіз, орамжапырақ, көк шөп т.с.с) пайдалану керек. Қызылшаны шикідей үккіштен өткізіп, оған анар мен бал қосып, араластырыңыз. Күніне 2-3 мәрте пайдаланыңыз.

Ас мәзіріңізде әрдайым жұмыртқа, ірімшік, балық, пісірілген ет сияқты тағамдардың болуын қадағалаңыз. Бұл тағамдарды жоғарыда айтылған көкөністер, жеміс-жидектермен бірге пайдалануға болады. Жартылай фабрикаттарға, химиялық және токсиокологиялық заттар көп қослыған тағамдарға, кофе, газдалған сусындарға әуес болмаңыз. Олардың орнына сүт өнімдері мен пайдасы мол ауқаттарды көбірек пайдаланыңыз.

Дәрігерлер жылына екі мәрте қан тапсыру керектігін айтады. Денсаулығыңызға салғырт қарамай, уақытылы ем қабылдасаңыз, кез келген аурудың алдын ала алатындығыңызды естен шығармаңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Сурет: vitomed.ru

22386 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 шілде 2012, 17:58
Пікірлер
+0
27 шілде 2012, 19:03

Екі рет қан тапсыру керек деп айтады-ау айтуын, бірақ өзім мүлде қан тапсырып көрмеппін ) Соған қарамастан, денсаулығым қалыпты ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...