Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Көңіліңіз құлазыған сәтте...

Көңіліңіз құлазыған сәтте...

Көңіліңіз құлазыған сәтте...

Кей кезде әлдебір жағдайға байланысты мазасызданып, көңіліңімізге қаяу түсіп жатады. Жаныңызды қоярға жер таппай, шексіз сұрақтарға жауап іздестіре бастайсыз. Өз көңіліңізді өзіңіз аулауға тырысасыз. Алайда, еш нәтиже болмағанын көресіз. Психолог мамандар мұндай жағдайда «үш минуттық терапиямен» айналысуға кеңес береді.

Шетелдік психолог мамандар көңілі түскен жандарға «Көңілді үш минутта қалай көтеруге болады?», «Үш минуттан кейінгі өзгеріс», «Үш минуттан соң» т.с.с терапия жасап шығарған. Бұл терапиялардың атауы бөлек болғанымен, мақсаты бір. Ол - адамның көңілін көтеріп қана қоймай, бойына сенімділік пен ерік-жігер қасиеттерін қондыру. Үш минуттық терапиямен кез келген ортада (үй, дәріс, жұмыс, жиналыс, көлік ішінде, т.с.с) айналысуға болады. Психологтардың айтуы бойынша, үш минутта көп дүниені өзгертуге болады. Ол үшін тек өзіңізге пайдалы іс-әрекеттермен айналысыңыз.

Сөзжұмбақ шешуге болады. Қазақ я орыс тілінде құралған сөзжұмбақтарды алып, сұрақтарына жауап беріп көріңіз. Бұл кезде ми қабаттарының жұмысы жақсарады. Жадыңызға жаңа сөздер жатталып қалады.

Сурет салыңыз. Қолыңызға қалам мен қарындаш алып, қалаған бейнені әдемілеп түсіріп көріңіз. Түрлі-түсті қарындаш я акварель болса, тіпті жақсы. Салған суретіңізді бояп қана қоймай, оған жан бітіре аласыз.

Ыстық шәй ішіңіз. Қалауыңыз бойынша, көк шәй не кофеден дәм татыңыз. Бұл кезде сіз артық ойлардан арылып, сергіп қаласыз.

Су диетасын ұстаныңыз. Күніне кем дегенде 1,5 литр таза су ішіңіз. Жеткілікті су ішкен жағдайда, адамның жүйке жүйесі жұмысы бір қалыпты болады. Кері жағдайда, адам ашуланып, бей-берекет мазасызданып, көңілсіз жүреді.

Жұмыс үстелін реттеңіз. Қажет емес қағаз, қаламсаптарды қоқыс жәшігіне лақтырыңыз. Құжаттарды ретке келтіріңіз. Әр затты орын-орнына қойып, жұмыс үстелін артық заттардан тазалаңыз.

Күлкі терапиясымен айналысыңыз. Ғаламтор беттерінен қызықты бейнесюжеттерді тауып алыңыз. Қызықты шағын әңгімелер, анекдоттар оқыңыз. Басыңыздан өткен қызықты жайттарды еске түсіріңіз.

Жеміс-жидектерден дәм татыңыз. Әсіресе, жүзім, алма, анар, орман жидектерін пайдаланыңыз. Пайдасы мол жеміс-жидектер денсаулыққа оң әсерін тигізіп қана қоймай, өзге ойлардан арылуға жол ашады.

Музыка тыңдаңыз. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған шығармаларды, сүйікті орындаушыларыңыздың әндерін, опера ариялары мен классикалық туындылардан үзінді тыңдап, бар ойыңызды тек қана музыкаға аударыңыз. Ұнаған әуендерді жазып алып, оны ұялы телефондағы қоңырау үніне алмастырыңыз.

Ән айтыңыз. Ішіңізден ыңылдап болса да сүйікті әндеріңізді орындаңыз. Ән айту арқылы бойдағы «ауыр жүкті» түсіресіз, шаршағандықты басасыз.

Өзге тілдің сөздерін жаттаңыз. Ағылшын, неміс, түрік, қытай т.с.с. тілдердің сөздіктерін ашып, қарапайым сөздерді жаттаңыз. Оны есте сақтап, қажет болған жағдайда пайдаланыңыз.

Дана сөздерді оқыңыз. Өмірден өткен данышпандар мен әр елдің нақыл сөздеріне көз жүгіртіңіз. Ұнаған қанатты сөздерді қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз.

Монитордағы суретті өзгертіңіз. Ғаламтор беттерінен әдемі, позитивке толы қызықты суреттерді жинастырып, оны жұмыс алаңына іліп қойыңыз. Экрандағы жаңа сурет сіздің жаныңызды жадыратып, көңіл-күйіңізді көтереді.

Әрдайым көңіліңіз көтеріңкі болсын!

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: boginya.com, damskiydom.com

6005 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2012, 14:22
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2012, 14:19

Өзге тілдің сөздерін жаттаңыз ;)

+0
19 қыркүйек 2012, 14:44

Күлкі терапиясы ұнап тұр

+0
19 қыркүйек 2012, 16:42

Күлкі терапиясымен айналысыңыз :D бүгін біраз күлдім :lol: :lol: :lol:

+0
20 қыркүйек 2012, 00:29

Күлкі терапиясы мен жеміс жидек және шоколад күшті көмектеседі ;)

+0
20 қыркүйек 2012, 15:42

мен осы арекеттердин барлыгын жаксы корем, жасаганда кадимгидей дем алып каламын. жаксы кенестер.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...