Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Отырысына қарап таны

Отырысына қарап таны

Отырысына қарап таны

Осыған дейін адамның мінезін кесесі, киімі, шалбары, меңдері, әжімдері, қан тобы, күлкісі, әшекейі, сүйіп жейтін шоколад түрі және т.б. қарап тануға болатындығы туралы жазған едік. Енді адамның мінезін отырысы мен тұрысына байланысты болжап көрейік. 

Тұрып тұрғанына қарай:

1. Аяқтары бірге, тік тұрады. Бұл кісі салмақты, ұқыпты, сабырлы адам. Тілдесуге, арқа сүйеуге болатын жақсы дос.
2. Бір аяқты тіреп, екіншісін кішкене алдыға шығарып тұратын адам ортасында танымал болғанын қалайды. Белсенді, мақсаттарын айқындап, оларға жете біледі. Армандарын орындау жолында қажетті икемділік пен ақылды көрсете алады.
3. Аяқтарын бір-бірінен алшақ, ашып тұратын кісі өз ойында нық тұрады. Жасаймын деген ісін тындырмай қоймайды. 
4. Мінезін білгіңіз келген адам аяқтарын айқастырып тұрғанды ұнатса, ол танымал болғанын қалайтын атаққұмар кісі. Сондай-ақ ол армандарының орындалуын көп күткісі келмейді, шыдамы аз.

Отырысына байланысты:

1. Тобықтарыңызды айқастырып отырғанды ұнатасыз ба? Бұндай отырыс байсалды, тіпті өзіне сенімсіз адамдаға тән. Өзіңізге деген сенімділікті дамытуға тырысыңыз.
2. Көбінесе бір аяғын екіншісіне салып қойып отыратын адамдар өзіне сенімді болады.  Өмірден не қалайтынын біліп, болашағына жарқын қарайды.

 


3. Түзу, екі аяғын бірге қойып, табанымен еденді толықтай басып отыратын адамдар ақкөңіл, шыншыл болады. Турашыл, ойлағанын бетке айтады, қоршаған адамдарға шыншылдығымен ұнайды. Сырттай суық көрінгенімен, расында адамгершілігі мол адам.

4. Табанын аяқтарының ұшында ұстап отыратындар сабырлы, кейде тұйық адамдар. Тұйықтығы қоршаған ортаның сынына төзе ала алмау қасиетіне байланысты. Ортасының пікіріне тәуелді болады.

 5. Аяқтарының ұштарын бірге, ал өкшелерін екі жаққа қаратып отыратын кісі батылсыз, кінәмшіл адам болады. Бұл қасиетін жеңе алмай жүрсе де, ол басқаларға бірден дұрыс баға беріп, мінездерінің сырларын көріп тұрады.

6. Аяғын алдыға созып, кішкене шалқайып, тобықтарын айқастырып отыратын кісілер өктемшіл, қызғаншақ болып келеді. Басқалардан асып түскісі келеді. 

Ал сіздің тұрысыңыз бен отырысыңыз несімен ерекшеленеді?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com, orangelifestyles.wordpress.lv

2856 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 маусым 2012, 16:08
Пікірлер
+0
21 маусым 2012, 15:40

отырыс пен тұрыстан да танып қоятын болды ғой бізді бәрі :)

+0
21 маусым 2012, 17:52

Кәз кеңседегі бәрінің мінезін табам)

+0
25 маусым 2012, 14:22

Қыздардың көбі атаққұмар болды го :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...