Шалбарына қарап, мінезін таны

Шалбарына қарап, мінезін таны

Киім адамның жан-дүниесінен, мінез-құлқынан хабар береді. Жігітіңіздің шалбарына қарап, мінезін анықтау оңай екен! Ол таңдайтын шалбардың пішіні мен матасы, тіпті түсі сізге қожайыны жайлы сыр шерте алады.       

Рок-н-ролл

 Ол сенімді, батыл, өмірден бәрін және қазір алғысы келетін жан. Ойланбастан өзіне демалыс істеп, қомақты сомманы еш аямай құртады. Әрі романтик. Гүл, сыйлықтар сыйлағанды, романтикалық кешкі ас ұйымдастырғанды ұнатады. Алайда араларыңызда лаулап жанған сезім оты сәл болса да басылып, қарым-қатынастарыңыз күнделікті өмір ағынымен болып кетсе, абайлаңыз: ол сізден айнып қалуға әзір. Бұндай жігіттен айырылмаймын десеңіз, оны таң қалдыратын тосын сыйлар істеп, өзіңіздің тегін емес екеніңізді байқатыңыз. 

Маған бәрібір!

Шалбары шамалы салбы

рап тұрған жігіттер салмақты, сабырлы адамдар. Ыңғайлықты жақсы көреді, дәмді тағамдарға ерекше құмар. Ортасымен жеңіл араласады, алайда біреудің ойын елемейді, өзінің қалауын істейтін жан. Өмірге жеңіл қарайды. Қыздармен оңай араласады. Осындай жігіттің тек бір кемшілігі болуы мүмкін: ол тәртіпті мүлдем құптамайды. Бөлмесі не көлігі былығып жатса, таңғалмаңыз.

Мен бәрін де тындырам

 Бұндай джинсы киген жігіт - қарапайым, көзқарастары дәстүрге сай жігіт. Ол ойындағысын айтып, бір уақыттық нәрселерді елемейді. Бұндай жігіт сұлу сылқым қыздың алдында ерімей, өзінің сүйіктісіне адалдығын сақтай алады. Алайда бұл жігіттің де кемшілігі бар. Ол махаббатты кезекті тапсырма деп қабылдап, оны міндетті түрде орындау керек деп түсінеді. Жігітіңіз дәл осындай болса, сіздің мақсатыңыз оған өмірге жаңаша қарап, өмірдің әр сәтінде бақытты болуды үйрету.

Қара киімді 

Қара не сұр джинсы киетін жігіттер өздерін аутсайдер санайды. Расында бұндай жігіт басқалардан ерекшелінеді, қоғамдық өмірді маңызды деп санамайды. Оған ұнайтын қыз тәуелсіз, батыл болу керек. Ол майысқан нәзік жаннан гөрі, бірге тау мен тас аралай алатын серіктес қызды таңдар еді. Қызғаншақ қыздарды мүлдем жек көреді.

Классика

Классикалық шалбар киуге дағдыланған жігіт салмақты, іскер болып келеді. Болашаққа үлкен үміттері бар, дегеніне әр уақыт жетеді. Жинақы, тәртіпті, әр жерде көшбасшы болуға дайын. Бұндай жігітке лайық қыз болу үшін өзіңіз де қоғамдық өмірге араласып, өз ізіңізді қалдыруыңыз керек. Сабағыңыз не жұмысыңызда сүйіктіңізге сай болыңыз. Алайда жеке қалғанда, оның жетістіктері сіздікінен жоғары екендігін мойындаған дұрыс.

Ал сіздің жігітіңіздің шалбары қандай?

Суреттер: drez.ru, tattooapparel.com, oldboysclub.com.ua, azimutt.com, vk.com, arni.maxi.by.

С. А