- Негізгі бет
- Психология
- Жігітті күлкісінен таны...
Жігітті күлкісінен таны
Ердің мінезін оның шалбарынан, киімінен, кесесінен тануға болатындығы жайлы жазған болатынбыз. Психологтардың айтуынша, күлкі - адмамның шын мінезін көрсете алатын бірден-бір белгі. Ұнаған жігіттің мінезінің жаңа сырларын ашу үшін оған бірнеше әзіл айтып, күлкісін мұқият бақыласаңыз болады.
- Жігітіңіз дауысын шығарып, қатты күледі. Оның бетінде жымиған күлкі пайда болу үшін оған әзіл айту керек емес пе? Ауызын қатты ашып, өз күлкісінен ұялмайтын адам пысық, қызбалы, жайдары болады. Алайда бұндай жігіттерге байсалдылық жетіспей тұрады. Ол күліп тұрған жерінде ашуланып кетуі де мүмкін. Бұл жігіт біреуді тыңдағаннан гөрі, өзі сөйлегенді ұнатады.
- Досыңыздың күлкісі тым қатты емес, ырғақты. Күлгенде көздері сәл жұмылады. Және күлкісі жұқпалы болғаны сондай, қасында сіз де еріксіз күлесіз бе? Бұл жігіт өзіне сенімді, сабырлы, қайсар, дегеніне жететін іскер адам.
- Ауызын мүлдем ашпай, тыныш күлетін жігіт өте сабырлы, ұстамды болады. Алайда оның өзін сүю қасиеті мен өзімшілдігі жақсы дамыған. Эгоистік белгілері бар болатын бұл жігіт сізді тыңдап, тіпті көмектесе де алады. Алайда, бұған көп күш жұмсағысы келмейді.
- Қанша рет күлдірсеңіз, сонша рет түрліше күлген жігіт бірсарынды емес екені анық. Ол көпшіліктің пікірін елемейді, өзіне сенімді, батыл, шешімдерді өзі қабылдап, оларға жауапты бола алады. Көпшіліктің арасынан ерекшеленіп тұрады.
- Күлгеннің орнына жай жымиып, аузын бір жаққа қарай ығыстырған жігітпен абай болыңыз. Ол өтірік айтып, қиын жағдайда адал болмауы мүмкін.
- Күлгеннің алдында басын сәл еңкейтетін адам ақкөңіл, шыншыл, адал адам. Өз сезімдерін әр кезде бақылап отырады.
- Күлгенде аузын қолымен жабатын адамдар ұялшақ, өзіне сенімсіз болады. Олардың басқалармен тілдесуі қиын болады.
- Күлгенде басын ұстайтын жігіт - нағыз романтик. Ол армандар әлемінде өмір сүреді. Оның махаббатқа деген ниеті шын, жүрегінен болады.
Жігітіңізді күлдіріп, оның мінезін болжап көріңіз. Алайда оның күлкісі көңіл-күйіне, басқа да жағдайларға байланысты болатындықтан, жорамалыңыз әділ болсын.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: blog.dermotrend.com
С. А