Жігітім хабарсыз кетті #2

Жігітім хабарсыз кетті #2
Фото: Бауыржан Асылбаев

Қыз бен жігіт жүріп жүргенде не жай жақын араласып жүргенде біраз уақыт аралары үзіліп қалатын кез болады. Қыз өзін жігіттің алдында төмендеткісі келмегендіктен, намысы жібермей, бірінші болып хабарласуға бата алмайды. Жігіт не үшін хабарласпағанын ойлап-ойлап шеше алмай, қашан өзі хабарласқанын күтіп жүреді. Тіпті қыздар қауымы өзі ұнатпайтын жігіттің де сезімін білдіріп жүріп, біраз уақыт хабарсыз кетіп, қайта қоңырау шалып тұратынын түсінбейді.

Қыздардың ойы түсінікті болса, жігіттер хабарласпай кетуінің себептерін қарастырып көрейік.

БАСЫ

Төртінші. Кей жігіттер қызға барған кезде міндетті түрде қалтаң қампиып тұруы керек, оны қыдыратын не тамақтанатын жерге апару тиіс деп ойлайды. Тіпті де олай емес. Жігітін шын сүйетін қыз қалтасында көк тиыны жоқ адамды да қабылдайды. Ал бірде бар, бірде жоқ болатын қолдың кірі болмай қалған кезде жай ғана қызды көріп, көше бойында, саябақтарда серуендеуге болады. Бұл жағдай да жігіттің хабарсыз кетуіне себеп бола алады екен.

Бесінші. Жігіттер мықты жаратылыс дегенімізбен, тән қалауының алдында әлсіз болады. Өз қызының абыройын төккісі келмегендіктен, «жылуды» өзге «қыздардан» тапқысы келеді. Нәпсісін ауыздықтай алмағанына өкініп, қызының алдында өзін кінәлі сезінеді. Осы себеппен біраз уақыт оның көзіне көрінгісі келмейді. Тереңнен ойланып қарайтын болсақ, бағалуға тұрады. Түсінген қыз түсінеді, сүйген адам кешіреді.

Алтыншы. Қыздың ағасы не өзге адам жігітке онымен араласуына тыйым салған болуы мүмкін. Түбінде өзге үйдің түтінін түтететін өз үйіне қонақ қарындасының бір күні кетерін білсе де, ағалары жанына ешкімді жолатқысы келмейді, себебін өздері де түсіндіре алмайды.

Жетінші. Үйінде не жұмысында жағымсыз жағдайлар туындаса, кей жігіт бәрінен баз кешіп, бір сәтке ешкіммен сөйлескісі, көргісі келмейтін күй кешеді. Қыз қанша жерден қайғысын бөлісіп, жанында болғысы келсе де, жай күнде барлық мәселені бірге шешеміз деп келіскенімен, басына іс туғанда тек жалғыздықта қалуды қалайды. Мұндай сәтте қыздар ренжімей де ренжітпей еш мазаламағаны жөн. Сабасына түскенде өзі қайтадан хабарласады.

@. @assel_assanova