Ондай жігіт керек емес

Ондай жігіт керек емес
Фото: Мөлдір Қалмұрат

«Қыздар жігіттің көлігі болмаса қарамайды», «көп қыз жігіттің мінезіне шыдай алмайды» деген секілді шағымдарды жігіттер қауымынан көп естиміз. Мұндай сөздер өздері осал жігіттердің аузынан шығады дегенімізбен, жаны жоқ сөздер де емес. Себебі қоғамда сондай талғамды қыздар да ұшырасады.

Уақыттың ағысымен, заманның барысымен талғам да өзгереді. Қыз бой жетіп, ақыл тоқтатқан сайын талғамы да жоғарылап, жігіт таңдауда ұсақ-түйектерге аса мән бермейді. Өтпелі кезеңде өзіне не керегін білмей, ойы он құбылып, талғамы мың өзгеріп жүретін қыздарымызға мына кеңестер ой салар деген үміттеміз.

«Авторитеті мықты» жігіт. Қыздардың көбісіне ешкіммен араласпай, өзімен өзі жүретін жігіттер ұнамайды. Жұбына барлығы жоғары сый-құрмет көрсетіп, араласатын достары көп болуын әр қыз қалайды. Мереке-тойлардың көңілді, қызықты өтуі үшін де жақсы ортамен жақын араласатын жігітті таңдағымыз келеді. Бірақ үлкен отбасы өмірін елестеткенде, осы осалдығы үшін жақсы жігіттен бас тартуға болмайды. Кең көлемде ойланып көретін болсақ, бұл түкке тұрғысыз нәрсе.

Келбеті келіскен көрікті жігіт. Адамдар өмірінің жартысынан көбі мақтанға айналып кеткен заманда, қыздардың көпшілігі жігіттің сыртқы келбетіне көп көңіл қояды. Әкесіне ұқсайтын әдемі балалардың анасы болғым келеді дейтін қыздар да бар. Бірге суретке түскенде, көшеде қол ұстасып қыдырғанда «жігітінің түрі онша емес екен» деген сөзді еш қыз естігісі келмейді. Дегенмен бұл да бақытты отбасы құруға кедергі келтіре алмайды. Басқа қасиеттерін жақсы көріп тұрса, әлемдегі ең сүйкімсіз деген адамның өзіне де сүйіспеншілікпен қарауға болады.

«Мамасының баласы». «Анасының айтқанынан шыға алмайды», «менімен жүргенде анасы хабарласса, ай-шайға қарамай сонда ұшады», «бала секілді барлық ісін анасымен ақылдасады» деп жігітіне өкпе артатын қыздар да арамызда жүр. Мұндай қасиеттерге екі жақты қарап, әйел затына деген жоғары құрметін бағалап, ертеңгі күні өзіңізді де солай ерекше құрмет тұтатынын ескерген жөн. Ұяда көргенін ұшқанда ілетін балапан болашақта осы тәрбиесін балаларыңызға да үйретеді деген сөз.

Көлігі бар жігіт. Бөтен қалада адасып қалғанда, алыс жолға арып-ашып әрең жеткенде, қараңғыда көшеде жалғыз жүргенде «көлігі бар жігітім болғанда ғой» деген ой барлық қыздың басына келеді. Алайда бұл ой үнемі миын шағатын және тек сондай қиын сәтте ғана ойға алатын қыздар бар. 

Жалғасы бар...

@. @assel_assanova