Сайт беделін көтерудің 100 амалы #5

Сайт беделін көтерудің 100 амалы #5

Сайт ашып, блог бастап жатқан қолданушыларымызға арнап сайт рейтингісін көтеруде осыған дейін жинаған және ғаламторда топтастарған тәжірибемізді бөлісуді жалғастырамыз.

Бірінші бөлімі:

Сайт беделін көтерудің 100 амалы #1

Екінші бөлімі:

Сайт беделін көтерудің 100 амалы #2

Үшінші бөлімі:

Сайт беделін көтерудің 100 амалы #3

Төртінші бөлімі:

Сайт беделін көтерудің 100 амалы #4

Дәстүрлі амалдар

76. Өз сайтыңызды сайттар каталогына қосу. Бұл амалмен сайт трафигін көтеру қиындау болғанымен, сіз жүздеген каталогқа өз сайтыңызды қосып қойсаңыз нәтижеге ие болуыңыз мүмкін. Мысалы, мына тізім санды мәлімет PR саласындағы жүздеген сайт беттері. Қазақстандық сайттар каталогынан: http://massagan.com/directory.php, http://www.resurs.kz/catalog, http://zero.kz/catalog, http://www.kazakh.ru/links/, http://kazsites.com/

77. Блог ашып оны блогтар тізіміне қосыңыз. Сайтыңыздан субдомен арқылы блог ашып немесе блог айдарын қосып оны блогтар каталогына қосыңыз.

78. Мақала атын өзге мақалалардың сөз не сөйлемі етіп беріңіз. Бұл сайт рейтингісін көтерудің ең қарапайым және өнімді амалы. Егер бұл айтқанымыз түсініксіз болып бара жатса, мына сілтеме арқылы қарап көруіңізге болады.

79. Сілтеме алмастыру. Өзара сілтемелерді ауыстырып қою сайт ұғымы шыққан күннен бері бар. Сондықтан, оның атқарар рөлі айрықша. Ескерер бір жайт, өзге сайттардың түпнұсқа жазбасына ғана сілтеме жасаңыз, өйтпегенде Google сіздің сайтыңызды «жазалауы» мүмкін. 

80. Жарнама арқылы сілтеме қою. Жоғарыда айтқан сілтеме алмастырудың түрін өзгертіп жарнамалық сипаттағы баннерді не мақаланы өзара алмастырып басуға болады.

81. Маңызды жаңалықты бөліп жариялау. Маңызды жаңалықтың ең өтімді ақпараттарын екіге не үшке бөліп үш сайтқа жариялау керек. Әр сайт бір-біріне сілтеме жасап, қалған мазмұндары сол жақтан оқуға кері сілтеме беруі керек. PRWeb сынды ақылы қызметке жүгініп те бұл ойды жүзеге асыруға болады. Мына жақта жаңалықты бөлісуге арналған 50 сайттың тізімі берілген.

82. Сайттың сілтемесін пошта (Email) қолтаңбасы етіп жасап қойыңыз. Өз поштаңыздан күн сайын бірнеше тіпті одан да көп хаттар жөнелтуіңіз мүмкін, бұл да байланыс жасаушы адамды өз сайтыңызға тартудың бір амалы. Сіз тек қолтаңбаңыз тұратын тұрақты бөлікке сайтыңыздың сілтемесін оқырман тартатын бірнеше ауыз сөзбен бірге жазып қоюға мүмкіндігіңіз бар.

Ақылы қызметтер

83. Google AdWords. PPC (Pay-per-click, кликке ақша төле) жарнама қызметі сайт трафигін арттыруды сатып алудағы ең өнімді амал. Google AdWords осы саладағы көшбасшы. Аккаунт ашу тегін, сосын өз салаңыз бойынша кілтсөздердің бағасын нарыққа қарай бекітіп, оны сатып алуыңызға болады.

84. Facebook жарнамасы. Бүгінгі күнде Google AdWords-тың орнын баса алатын ең үлкен тұғыр Facebook жарнамасы.

85. StumbleUpon жарнама компаниясы. Егер сіздің сайтыңыз мультимедиалық БАҚ саласында танымал болып жатса, оның трафигін одан сайын арттыру үшін StumbleUpon жарнама компаниясын сынап көруге болады. Сіздің сайтыңыз (немесе белгілі бір парақшаңыз) StumbleUpon қолданушыларына бір рет ашылу үшін 0,05$ төлем жасайсыз. Егер сілтемеге өткен қолданушы көп болса, олар тегін қызмет те ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, бұл ағылшын немесе өзге де әлемдік тілдерге ғана жарауы мүмкін, ал қазақ тіліндегі сайттарды осы тектес отандық компанияларға бере аласыз.

86. Reddit-тің қолдау көрсету сілтемесі. Ақылы жарнаманы жүзеге асыратын тағы бір әлеуметтік желі Reddit. Сіз қосқан қолдау көрсету сілтемесін олар бас бетке шығарады, дәл сол сәтте Reddit қолданушылары дауыс беру арқылы оны жоғарыға не төменге түсіре алады.

87. Танымал сайттарға тіке жарнама қою. Шындығына келер болсақ, барлық сайт иелері ақылы жарнамалық баннерді таба алмай жүреді. Табыла қалса бірден келісім береді. Егер сіз өз сайтыңыздың мазмұнына үйлесетін тағы бір танымал сайтты тауып алып жатсаңыз, лайықты бағада ол сайтқа үлкен баннер ілуге болады.

88. Yandex және Mail.ru тектес Ресей медиа нарығы. Біздің басым көп санды аудиторияны жаулап отырған орыс медиа нарығының Yandex, Mail.ru желілерінің де ақылы жарнама қызметтері бар.

89. Үшінші жаққа жарнама беру. Ғаламторға жарнаманы қайда, қалай беруді білмесеңіз не лайықты нұсқа таппасаңыз, үйлестіруші жарнама компанияларына жүгінуге болады. Мысалы, Buysellads.com сайты осындай жұмыс атқарады.

90. Пікірді ақшаға сатып алу. Кейде ақылы пікірлер де сайт беделін көтеруге көмектесуі мүмкін. Себебі, сайтыңыздағы пікірдің көптігі оның өтімділігінен дерек береді де, қарапайым пайдаланушыларды тартуы ықтимал. Ақылы пікірді жазатын адамдарға немесе SponsoredReviews.com сынды сайттарға тапсырыс берген жөн. Қазақ тілді сайттар үшін бұл сервистің пайдасы болмауы мүмкін.

Оффлайн өмірде насихаттау

91. Достарыңызға, жұмыстағы қызметтестеріңізге немесе отбасы мүшелеріңізге өз сайтыңыз жайлы айтыңыз. Олар сіздің жұмысыңызға міндетті түрде назар аударады және айнала достарына насихаттай жүреді.

92. Сайт сілтемесі қойылған визитка жасатыңыз. Визитканы алған әрбір адам ондағы мәліметтерге бір көз жүгіртеді деген сөз, осы сәтте сіздің сайтыңыз оның қызығушылығын тудыруы да мүмкін.

93. Сайт сілтемесін футболкаға бастырып таратыңыз. Жағдай жар берсе осылай басып шығарып, оны тарата жүрудің зияны жоқ. Елдің көзі үйренеді, танымалдық артады.

94. Сайт мекенжайын жабыстыруға оңай жарнамалық параққа шығарып алыңыз. Оны жүрген жеріңіздегі дуалдарға, көліктің артқы терезесіне, ноутбуктің арт жағына, терезеге, стакандарға жабыстырып қоюға болады.

95. Көтерме саудадағы газеттерді назардан тыс қалдырмаңыз. Олардың таралу ауқымы кең, сондықтан сайт туралы жарнама беруді ойға алып көрсеңіз болады.

Ресми емес амалдар

96. Кісі көзіне жас алдырарлық, жан тебірентерлік, адамды толқытарлық оқиға ойлап тауып жазыңыз. Мысалы, осы сайттағы «Анам айтқан жалған сөздер» жазбасы тектес. Бұл тектес жазба оқырман ортасында үздіксіз бөлісуге ие болады, тарала береді.

97. Өзіңіз отырып кететін компьютерлердің браузеріне өз сайтыңызды бас бет ретінде таңдап кетіңіз. Университеттің компьютер сыныбындағы немесе жұмыстағы әр компьютерге отырып тор шолғышты ашып Ctrl+D батырмасын басып немесе Chrome, Mozilla браузерлерінен "Тор" ("Сетка") бұйрығы ішінен сайтыңыздың сілтемесін қойып, браузер ашыла қалғандағы өзіндік бетке шығатын етіп қоя аласыз.

98. Сайтыңызды сатуға шығарыңыз. Сайтыңызды сату ойыңызда жоқ болса да, қызық үшін немесе оның нарықтағы нақты бағасын білу үшін сатуға шығарып қойыңыз. Оны мына сайтқа қоюға да болады.

99. «Сайт хакерлік шабуылға ұшырады!». Әр рет белгілі бір сайт немесе блог кибер шабуылға ұшырады деген ақпарат тараса, адамдар бір рет сол сайтқа міндетті түрде кіріп, қарап көреді. Сайттың бас бетін шынымен де кибер шабуыл жасалғандай етіп қойсаңыз, ол ақпарат тіпті де дүмпу туғызуы мүмкін. Бірақ, есіңізде болсын, бұл ақпараттың жалған екенін ғаламтор қолданушылары біліп қоймауы керек.

100. Сіздің ұсынысыңыз (пікір ретінде жазыңыз).

Автор: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: top10wordpress.com

M. Auelkhan