- Негізгі бет
- I-дос
- Сайт беделін көтерудің...
Сайт беделін көтерудің 100 амалы #4
Сайт ашу оңай, ал оның контентін жасау мен оны нәсихаттау оңай жұмыс емес. Сайт ашып, блог бастап жатқан қолданушыларымызға арнап сайт рейтингісін көтеруде осыған дейін жинаған және ғаламторда топтастырған тәжірибемізді бөлісуді жалғастырамыз.
Бірінші бөлімі:
Сайт беделін көтерудің 100 амалы #1
Екінші бөлімі:
Сайт беделін көтерудің 100 амалы #2
Үшінші бөлімі:
Сайт беделін көтерудің 100 амалы #3
Іздеу жүйесіне қосу
58. Авторлық жазба жазыңыз. Іздеу жүйелері ғаламторға тыңнан әрі бірінші болып қосылған жазбаларды оқырманға алдымен ұсынады. Ал көшірме жазбаны мүлде іздеушіге бермейді емес, сол түпнұсқадан кейін 2-3 беттерде жүруі мүмкін. Есіңізде болсын, сайтыңызға жазбаны өзіңіз жазып немесе ешқандай сайтта жарық көрмеген жазбаны жариялаңыз. Сонда ғана сіздің сайтыңыздың іздеу жүйелеріндегі сенімі артып, трафик көтеріледі. Ал, басқа сайтқа жарық көрген ақпараттың кем дегенде 70% мәтінін өзгертіп барып жарияласаңыз, ол өзіңіздің жазбаңыз болып есептелінеді.
59. Кері сілтеме құру. Кері сілтеме дегеніміз – сілтемені басқанда сол жазбаға немесе сол сайтқа өтіп кететін қасиетке ие сілтеме түрі. Өз сайтыңыздың ішіндегі жазбаларға да, өз сайтыңыз арқылы басқа сайттарға да сілтеме беріп отырыңыз. Сосын олардың да сізге сілтеме жасауын, кері сілтеме беруін өтініңіз. Не жазбаңызды басқалар көшіріп басса, кері сілтеме қоюын талап етіңіз. Кері сілтеме қанша көп болған сайын іздеу жүйелері сіздің ресурсыңызды сенімді деп тауып, сіздегі ақпараттарды бірінші ұсынатын болады.
60. Кілтсөз. Кілтсөздерді зерттеңіз. Осы айда, осы аптада, осы маусымда, осы жылы қандай сөздер көп ізделіп жатыр, алда қандай оқиға болады, онда адамдар қандай сөздер жазып іздейді немесе күн сайтын адамдарға не керек осы сауалдар төңірегінде сіз көп ізделетін сөздердің тізімін жасап, сол туралы жазба немесе әр жазбаға сол тақырыпта бір-екі сөйлем қосып, әлгі кілтсөздерді жазып қоюыңызға болады. Мысалы, ағылшын тілінде адамдар «funny pictures» («күлкілі фотолар») деп көп іздейді, ал сіз «funny images» («күлкілі суреттер») деп сурет қоссаңыз, алдыңғысы кейінгісінен 15 есе көп қаралуы мүмкін. Бұл сөздерді Google AdWords арқылы іздеп таба аласыздар.
61. Сайт коды арқылы тақырыпты іздеуге қосу. Сайт парақшасының тақырып бөлімін әр жазбаның тақырып бөлімі деп те айтуға болады. HTML тэгінде ол <title></title> тэгтерінің ішінде тұрады. Бұл өте маңызды SEO элементі. Әр түрлі жүйеде жасалған сайттың бас бөлімі де әр түрлі. Кілтсөздер де тақырыпқа араласып кетуі мүмкін. Сондықтан, сайтыңыздың тақырып бөлімі міндетті түрде біз көрсетген тэг ішінде тұрма, жоқ па тексеріп көріңіз. WordPress сайттарында All in One SEO Pack қосымшасы арқылы бұл мәселені шешуге болады.
62. Сайт картасын құрып қойыңыз (sitemap.html). Бұл сайт картасы барлық бетте, барлық жазбаның астында көрініп тұрса тіпті жақсы. Сайт картасы іздеу жүйелеріне сіздің сайтыңыздың ішінде не бар екенін іздеп табуына көмектеседі және іздеу рейтингісінде алға шығарады.
63. Өзге тілдерге аудару. Сайттың негізгі шаблонына басқа тілдерге аудару қызметін қоссаңыз да сіздің сайтыңыздың көрілімі артады. Бұл мақсатқа жету үшін іздеу жүйелеріне әсер етпейтін қосымшалар керек болады. WordPress жүйелерінде бұл қызметті Global Translator қосымшасы атқарады. Бұл функцияны сіздің сайтыңыз халықаралық тілде болса ғана жүзеге асыруға болады, өкінішке қарай қазақ тілі ондай деңгейге көтерілген жоқ.
64. Сурет қосу. Өкінішті жәйттердің бірі көптеген сайт админдері Google іздеу жүйесінің (басқа да іздеу жүйелері бар) сурет іздеу қызметін ұмыт қалдырады. Бұл – әр жазбаға қосқан суретіңіздің де сайттың көрілімін арттыруға қызмет ете алады деген сөз. Есіңізде болсын, суреттің атын міндетті түрде басқалар іздегенде шығатындай етіп қойыңыз. Суретті сайтқа жүктеп болғаннан кейін сіз ALT және TITLE атауларын көрсеңіз, осы араға суретке қатысты мәліметтерді жазып қоюыңызға болады. Free Images сайтынан мыңдаған тегіс суретті таба аласыз, осы суреттерден пайдалануыңызға болады.
Мобильді құралдар әлемі
65. Сайттың мобильді нұсқасын қосып қойыңыз. Қалтафон мен планшет компьютер мен ноутбуктың атқаратын қызметтерінен асып түспесе кем түспейтін күнге жеттік. Бүгінгі таңда әр адамда ноутбук болмауы мүмкін, бірақ, әр адамда кем дегенде бір смартфон бар. Ендеше осы ауқымды аудиторияны назардан тыс қалдырмау керек. Өз сайтыңыздың шаблонында мобильді қолданушыларға арнап жеңіл парақшасы қоса жүрсін. WordPress сайттарына WPtouch Mobile Plugin қосымшасын қолдануға болады.
66. Сайттың iPhone-ға арналған қосымшасын жасаңыз. iPhone десе аузының суы құрымайтын адам кемде-кем, сондықтан бәсекеге қабілетті болу үшін осы жүйедегі хабар-байланыс құралдарына арнап қосымша жасаңыз. Жасай алмасаңыз, мынау сияқты сайттардың көмегіне жүгініп немесе жасайтын компанияларға тапсырыс беріңіз.
67. Android жүйелеріне арналған қосымша. Android жүйесі жайлы айтып отырудың өзі басы артық шаруа. Сондықтан, өз сайтыңыздың осы жүйеге арналған қосымшасын жасаудың кезек күттірмейтін шаруа екенін де түсінген боларсыз.
Форум құру
68. Ғаламтордағы танымал форумдарға қатысып тұру. Егер форум қызметін пайдаланып жүрген болсаңыз, өз қолтаңбаңызды жазып қоятын жері бар екенін білесіз. Сол жерге өз сайтыңыздың кері сілтемесін қойып қойыңыз. Сіз әр рет пост немесе пікір жазғанда бұл сілтеме ілесе жүреді. Адамдар осы сілтеме арқылы да сіздің сайтыңызға кіре алады.
69. Форумдағы жазбаға кері сілтеме қою. Егер сіз сайтыңыздағы белгілі бір ресми тақырып туралы пікір-талқы жүргізбекші болсаңыз, онда ашылған форумда осы тақырыпқа кері сілтеме қойыңыз. Әртүрлі форумда осындай әдіспен де оқырман тартуға болады. Бірақ, абайлаңыз, форум сізді спаммер ретінде банға жіберуі де мүмкін.
70. Өз сайтыңызға форум қосу жағын қарастырыңыз. Бүгінгі таңда форум қолданушылары азайға болса да, форумды «классикалық қолданушылар» қалап іздеуі мүмкін. Оның үстіне қолданушылар өзін мазалаған сұрақты форумда қойып, сіздің сайтыңызда тұрып ойын емін-еркін бөлісетін жер іздеуі мүмкін. Сондықтан, форум құрудың артықтығы жоқ. Ол үшін программа жазу қолыңыздан келмесе, phpBB тектес әуелгі коды ашық форум тұғырын пайдалана беруіңізге болады.
71. Форум топтарына қатысу. Craigslist тізіміне қарап көрсеңіз әр қаланың өз тұрғындарына арналған форум парақшасы бар екенін көре аласыз. Сіз сол қала туралы тек сол қаланың форумына ғана пост жаза аласыз. Сол сияқты сіздегі тақырыпты сол тақырыпқа қатысты форумға ғана жазыңыз.
Өзіңіз туралы мәліметтер
72. Өзіңіз туралы, сайтыңыз туралы мәліметтерді іздеп тұрыңыз. Өзіңізге байланысты теріс ақпараттардың тарап кетуіне, сайтыңыздың оң иминджіне әсер ететін дүниелердің тарап кетпеуін қадағалаңыз.
73. Тегін парақшаларды құр жібермеңіз. Мысалы, Squidoo порталындағы «lenses» парағы, HubPages-тан «Hub» бетін деген сияқты.
74. «Сұрақ-жауап». Қазір танымал сайттардың бәрінде сұрақ-жауап жүйесі бар. Осындай жүйелердегі өзіңіз туралы сұрақтар болса жауап беріңіз. Жоқ болса, өзіңіз сұрақ қойып, өзіңіз сауатты жауап беріп отырсаңыз да болады. Бұл осы жүйені тұрақты пайдаланатын немесе іздеп келетін қолданушыларға жақсы әсер етеді.
75. Сұрақтарға жауап беру. «Сұрақ-жауап» жүйесінде ғаламтор қолданушылары қойған сұрақтардың жауабы сіздің сайтыңызда тұрған болуы мүмкін. Сіз дәл осы жазбаның бірінші абзацын қойып, қалған бөлігіне сайттың сілтемесін қою арқылы да, оқырман тартуға болады.
Автор: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: endthedisconnect.com
M. Auelkhan