Қалай ақша табуға болады?

Қалай ақша табуға болады?

«Қалай ақша тапсам болады?» деген сұрақ мидан кетпей қойды ма? Сіз «қалай ақша табам?» деп ойланып, осы мақаланы оқып отырған кезде мен ақша тауып та үлгердім. Қалай дейсіз бе? Осы мақаланың өзі ақша тұрады.

Соңғы жылдары адамдардың көбі жақсы өмір сүргісі келеді. Баяғы ата-әжелеріміз сияқты жанын қинап мал баққысы, егін еккісі келетін адам көрінбейді. Бұрын мұндай сұрақпен тек ересек адамдар бас ауыртатын болса, қазір ақша табу мәселесі жастардың, оқушылардың да ойында жүр. Тіпті балабақшадағы балалардың өзі ақша туралы, әдемі өмір, қымбат киім туралы әңгіме айтқанын естіген кезде, таңғалмасқа шара жоқ.

Қалай ақша тапсам болады? Әрине, елдің бәрі жалқау болма, еңбек ет, қызмет істе, оқу оқы, ақша өз-өзінен келеді дейді. Бір жағынан, ол да дұрыс. Үйде отырып ап, «алма піс, аузыма түс» дегеннің заманы емес қазіргі күн. Сол сияқты бір нүктеге қарап, ақша табудың жолдарын ойлай беру де қаржы әкелмейді.

Сондықтан ең бірінші қандай жолмен ақша тапқымыз келетінін тізімдейік. Екінші бағанға қолыңыздан не келетінін тізіңіз. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Сонымен, бәрі дайын болса, тамаша! Ойлағаныңыз бен қабілетіңіз сәйкес келсе, сәттілік күліп тұр деп қуана беріңіз. Ал олай болмай шықса ше? Сонда ақша табуға болмай ма?

Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Нені қаласаң, соған қол жеткізе аласың. Өйткені қазіргі қоғам кез келген бизнеспен айналысуға мүмкіндік беріп тұр. Тек жалқаулықты ысырып тастау керек! Қолыңызға кішкене қаржы түссе, дүкенге қарай жүгірмей, оны көбейту туралы ойланыңыз. Мысалы ақшаны өзіңіз жақсы көретін бизнес түрін жетік меңгеруге арналған оқуға жұмсасаңыз болады. Алға мақсат қойып, өзіңнің қалауыңды жүзеге асыруды үйрен. Есіңізде болсын! Қандай да іс басында қиындықсыз болмайды. Үлкен ақшалар көп ұйықтағанды, шаршап-шалдыққанды жақсы көрмейді. Содан соң адам өзі жақсы көретін іспен шұғылданса, жұмыс өз-өзінен жүріп, ақша келе береді. Адамда екінші тыныс деген болады. Адамның ниеті мен еңбегі ешқашан елеусіз қалмайды. Тек кейбір сәтсіздіктерге бола бәрін орта жолда тастап кетпесеңіз болғаны.

Әрине, алғашында бар күш-жігер сол қызметке арналуы тиіс. Мысалы сіз жаңа іс бастап, танымайтын ортаға тап болған кезде бос уақытыңызды жұмысыңызды зерттеуге, оның пайдалы-пайдасыз жақтарын ұғуға арнайсыз. Әуелі бедел жинайсыз. Беделсіз сізді ешкім танымайды. Өзіңіз де танымайтын адаммен сөйлеспейсіз ғой, солай емес пе?

Жалғасы...

Жолдаған: Бейбарыс Айса 

Сурет: ortcom.kz

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Р. Роза