- Негізгі бет
- Психология
- Сәттілік өз қолыңда...
Сәттілік өз қолыңда
Шаруаңыздың қолыңыздан келетініне шын сенсеңіз, бастаған ісіңізді сәтті аяқтай аласыз. Алайда көбінесе, күнді сәтті өткіземін деп үлкен құлшыныспен оянсаңыз да, түс ауған кезде күшіңіз таусылып қалады. Мына кеңестерді ұстансаңыз, күніңіз шынымен сәтті өтеді.
| Ерте тұрған әйелдің ырысы артық, ерте тұрған еркектің бір ісі артық Сабағыңыз не жұмысыңыз түсте басталса да, оған жарты сағат қалғанда оянып, апай-топай жиналып, таңғы ас ішпей, алды-артына қарамай жүгіріп шығу дұрыс емес. Неғұрлым ерте тұрсаңыз, соғұрлым істеріңіз де тезірек бітеді. Таңғы жаттығуларды істеп, душ қабылдап, таңғы асты асықпай әзірлеп, ішіп, күніңіз жайлы ойланып, оны жоспарлап, келер істерге дайын боласыз. Осыдан кейін, істеріңіз әрине сәтті аяқталады. |
Күн дәйексөзін таңдаңыз Азанмен сізді рухтандыратын дәйексөзді таңдап, оны күні бойы есіңізден шығармаңыз. Бәрінен шаршаған кезде, сол керемет сөздерді есіңізге алып, теріс ойлардан арылып, сәттілікке қайта шабыттанасыз. Осылайша, жаман жағдайлар туған кезде, сізді құтқаратын құралыңыз әр уақытта дайын болады. | |
Жақсы ой ойлаңыз Өз күшіне сенбеудің басты себебі - болып жатқан жағдайдың тек жаман жақтарын байқау. Басыңызды әр уақыт жаман ойлар билеп алғанда, сіз қиындықпен күресетін күшіңізден арыласыз. Ал егер ылғи солай болса ше? Әлбетте сіз өзіңізді айдалада қалғандай сезінесіз. Сондықтан өміріңізде орын алған әр оқиғаның жақсы жақтарын іздеуге тырысыңыз. Аяқ астынан сәтсіздікке шалдықсаңыз да, бұдан алған тәжірибеңіз жайлы ойланыңыз. | |
Мейірімді болыңыз Басқаларға көмек беру - әр уақытта өзіңіздің өмірге деген құштарлығыңызды арттырады. Бауырыңның басына түскен қиындық кейде өз қиындығыңызды ұмыттырып жібереді. Қиындықтан шыққаннан кейінгі бауырыңның саған айтқан шексіз алғысы жаныңызға ерекше рахат сезім сыйлайды. Сондықтан, жақын жандарыңызға көмектесуден бас тартпаңыз. | |
Жеңімпаз болыңыз Сәттілік шыңын тек қана алда жүруге ұмтылатын жандар бағындыра алады. Сондықтан алға талпынуға үреймен қарамаңыз. Бұл эгоистік емес, өмірге деген құштарлығыңыз. Сондықтан, жеңімпаз болыңыз! |
Суреттер: woman.ru, ikar.info, ekstrasens.tv, nasha.lv.
С. А