- Негізгі бет
- Сән
- Шаш сәні: Жиналған...
Шаш сәні: Жиналған екі өрім
Сұлу ханшайымдар! Біз бүгін тағы бір оңай жасалатын шаш сәнін үйренеміз. Ол үшін бізге:
- Тарақ
- Бір резеңке
- Шашқа арналған аксессуар (гүл) керек.
Шашты жайып, мұқият тараймыз. | |
Шашты екіге бөлеміз. | |
Шашты төрт өрім түрімен өруді бастаймыз. Бұл өрім түрінің жасалу жолы мына жерде. | |
Өрімнің ұшын тарқатылып кетпеуі үшін резеңкемен байлап қойып, шаштың екінші бөлігін дәл солай етіп өреміз. | |
Өріп болған соң, шаштың сол жағына тағылған резеңкені алып тастап, екі өрімді қосамыз. | |
Ұшына жұқа резеңке тағамыз. | |
Үстінен өз қалауыңызша шаш аксессуарын таға аласыз. Немесе аксессуарсыз жұқа резеңкемен де қалдыруға болады. Шаш сәні дайын! | |
Модель: Қарлыға Бүйенбай Сурет: Нұрбол Нұрмаханұлы Автор: Мейіргүл Оңғарова |