Алдағы жетіде жасалуы тиіс 7 іс

Алдағы жетіде жасалуы тиіс 7 іс

1. Келер аптада еліміздің жоғары оқу орындарында жаңа оқу семестрі басталмақ. Студенттер үйлерінен алып шаһарларға оралып, өзімен бірге көптеген табиғи азық-түлік түрлерін әкеледі. Солардың қатарында сіз де болсаңыз, дәмді тамақ дайындап, өзіңіз бен жақындарыңызға кішкентай мерекелік дастархан жайыңыз! Қалада тұрып, ауылдың табиғи тағамдарын татпаған достарыңызды шақыруды ұмытпаңыз! Ал мына жерден дайындауға тұрарлық талай тамақтың мәзірін табасыз.


2. Кітап дүкеніне кірмегелі көп болды ма? Осы аптада кітап дүкеніне соғып, өзіңе сыйлық жаса! Оны оқып, бізге рецензияңды жіберсең, оны жариялайтын боламыз! Бұл аптаның таңдауы мынау.

3. Қыстың соңғы айы басталғалы тұр. Ақпанның 14 және 23 жұлдыздарындағы мерекелерді Қазақстанда атайтындар да, атамайтындар да бар. Сонда да, бұл екі мейрам сүйіктіңізге ерекше көңіл білдіруге мүмкіндік береді. Бұл күндерді қалай өткізіп, сыйлықтар жайлы да ойлана бастағаныңыз жөн болар.


4. Дәрігерлердің айтуынша, қыстың соңғы айында адамдардың көбі депрессияға шалдықса, басқаларына суық тиіп ауырады. Бұл - иммунитеттің төмендеуінің белгісі. Ал ол, өз кезегінде, адам ағзасындағы дәрумендер тапшылығына байланысты. Ақпанда мультидәруменді кешен ішкеніңіз жөн болар. Дәрумендер жайлы толығырақ мына жерден оқыңыз.


5. Ақпанда барлық киім дүкендеріне жаңа көктем-жаз - 2012 топтамасы келеді. Бұл маусымда сәнді болатын киім трендтерімен танысыңыз!

6. Шет елге оқуға түскіңіз келеді ме? Немесе оқуыңызды шет елде жалғастырып, шыңдамақ ойыңыз бар ма? TOEFL және IELTS халықаралық емтихандарынан өту туралы ойланыңыз.  


7. Осы аптадан бастап сүйіктіңізге ғана емес, сондай-ақ әріптестеріңізге, достарыңызға комплимент айта бастаңыз. Қасыңызда жүрген әр жан сізден жақсы көңіл үлесін алсын!

Суреттер povarenok.ru muskul.ru crasota.org сайттарынан алынды. 

С. А