- Негізгі бет
- Психология
- Жұлдыздар жігіттер жайлы...
Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?
Жігітті күлкісінен, әжімінен, шалбарынан тану туралы бұған дейін сіздерді құлағдар еткен болатынбыз. Бүгін сіздерге бекзадаларымызды танудың тағы бір жолын ұсынбақпыз. Жұлдыз жорамал... Көпшілік қауым жұлдыздарға иманындай сенеді және жорамалдардың орындалып жататыны тағы бар. Жігітіңіздің құпиясын әлі толық шешіп болмадыңыз ба? Әлде өмірлік жарыңызды таңдау қиынға соғып жатыр ма? Астролог және психолог мамандардың бірлесіп ұсынған кеңестеріне құлақ түріңіз.
Егер торпақ жігітпен қарым-қатынасыңыз жақсы болса, онда әркез әдемі болып жүруге тырысыңыз. Тұмау тиіп я болмаса басқалай ауырсаңыз да шәлі оранып жүргеніңізді сүйіктіңіздің көзі шалып қалмасын. Боянғаныңызды, сәнденгеніңізді, шаш бояғаныңызды, тіпті тіс тазалағаныңызды да оның назарынан тыс жасағаныңыз абзал. Әйтпесе оның ойынан шықпай қалуыңыз мүмкін. | |
Тоқтымен қарым-қатынас жасау үшін нәзіктілік пен ұстамдылық қажет. Олар қысым мен өктемділікке шыдай алмайды. Кез келген жерде соңғы шешімді жігіттің айтқаны жөн. Олай болмаған жағдайда орны толмас қателікке ұрынып қалуыңыз әбден мүмкін. | |
Егіздер белгісіндегі жігіттер әйел ақылдылығын бірінші орынға қояды. Сіздің сәнденгеніңіз бен боянғаныңызға назар аудармайды. Егіздерге жақсы ақылшы бола білсеңіз, жанұялық бақыттың да ұзаққа созылары хақ. | |
Шаян белгісінде дүниеге келген жігіттер өз аналарын қатты құрметтейді. Және сізден ашық түрде талап етпесе де, соны іштей қалап тұрады. Бала кезден аналық сүйіспеншілікке бөленіп өскен шаяндар, өз үйлері де жылылық пен сыйластыққа толы бақытты орта болғанын қалайды. Енеңізден кейінгі екінші орында болуға келіспеске амалыңыз жоқ. | |
Арыстан – заң патшасы. Жанұяда да ондай жігіт осы қағиданы ұстанады. Егер арыстаныңыздың айтқанын орындап, айдауына көнсеңіз, тату-тәтті жанұя болатындығыңызға сеніңіз. | |
Бикеш белгісіндегі жігіттер өте кірпияз болып келеді. Топастық пен сенімсіздікке олар төзе алмайды. Бикеш жұлдызындағы азаматттардың сүйіктілері шаштары мен киім киісіне көп көңіл бөлгендері дұрыс. | |
Таразылар ұқыптылар мен жинақылар қатарына жатпайды. Олар отбасында өзін басшы санайды. Егер ақылыңыз көркіңізге сай бикеш болсаңыз, ол басшылықты өз қолыңызға алу мүмкіндігіңіз бар. Таразылармен тыныштық пен татулықта ғана бақытты бола аласыз. | |
Сенімділік пен адалдықты сарышаян жігіттер өте жоғары бағалайды. Егер оның бойындағы туа біткен қасиеттерін бағалай білсеңіз, ол әрбір әйел заты армандайтын махаббат шуағын төгіп, сүйіспеншілікке шомылдыра алады. | |
Мерген жігіттерді уысымда ұстаймын дегенді ойыңызға да алмаңыз. Өзін еркін ұстай алмаса, ол басқа ортаға ауыса салады. Оны қызғансаңыз да, күдіктеніп, қысым көрсетсеңіз де, түк шықпайды. Өмірге мерген көзімен қарауды үйренгеніңіз дұрыс болмақ. Айтпақшы, олар жомарттылықты жоғары бағалайды және өздерінің де қолы ашық болып келеді. | |
Тауешкі жігіттер болашақ балаларына ана болатын өмірлік жарын ұзақ таңдайды. Жақсы көре білу, сенімділік, сабырлылық, қамқорлық қасиеттері сіздің тауешкіге жақсы жар болатындығыңызды дәлелдей алады. Ас дайындай аласыз ба? Жоқ!? Ондай болса, асханаға жүгіріңіз де, үйреніңіз. Тауешкілер үшін бірінші орында – әйелдік қасиет, екінші орында – оның жан дүниесі тұрады. | |
Суқұйғыш жігіттер де емін-еркін жүріп тұрғанды ұнатады. Оны бұғаулап ұстап, қателікке ұрынып қалмаңыз. Бұл белгіде туғандар өте жақсы психологтар. Олар адамдармен қарым-қатынас жасағанды жақсы көреді. Суқұйғыштарға күдіктенудің де, оларды сұрақтың астына алудың да қажеті шамалы. Бәрібір шындығын біле алмайсыз. | |
Балық жігіттер өте қиялшыл адамдар. Жандары романтиканы сүйеді. Оған ертегідей тәтті өмір сыйлап, ойынан жиі шығып тұрсаңыз, сіздің қадіріңізді түсініп, барынша бағалап, жақсы жар бола біледі. |
Суреттер:myzodiak.info,astrohoro.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева