Көңілге қонымды әзілдер

Көңілге қонымды әзілдер

Шетелдік ерлі-зайыпты Орта Азияны аралап жүреді. Әйелі құлағы қалқиған есекті көріп:

- Джон, мына бір ғажап аңды қара. Құлағы неткен ұзын! – деп таңданады. Сонда ері:

- Ия, бұл қоян кемінде үш жүз жыл өмір сүрген шығар, -  депті.

                                                     Money mouthMoney mouthMoney mouth

Түрмеде кезекті сотталушыны тілге тартып отыр.

- Не үшін отырсың?

- Еш кінәм жоқ, сүттен ақ, судан тазамын.

- Оттапсың! Бізде еш кінәсі жоқтарға он жыл береді, ал сенікі он бес жыл ғой.

                                                    CoolCoolCool

Көрші екі әйел әңгімелесіп отыр.

- Марфуға, осы сенің сиырың күніне неше литр сүт береді?

- Он литр.

- Қанша сатасың?

- Он бес литр...

                                                    Tongue outTongue outTongue out

Әйелі мен күйеуі шипажайға бір-бірінен бөлек барып, қайта оралыпты. Түн іші. Әйелі орнынан ұшып тұрып, ұйқылы-ояу: «Ойбай, күйеуім келіп қалды!» - дейді. Күйеуінің зәресі ұшып: «Қайда? Қайда?»,  - деп кереуеттің астына кіріп кетіпті. 

                                                   Foot in mouthFoot in mouthFoot in mouth

- Біздің есіктің қоңырауын жөндеуге неге бір жұмысшы жібермедіңіз?

- Біз сізге адам жібергенбіз. Ол қоңырауды екі рет басып көріпті де, ешкім ашпаған соң, "үйде тірі жан жоқ екен" деп, кетіп қалыпты.

                                                   YellYellYell

Тіс дәрігері емделушіге:

- Бір өтініш, тісіңді шұқылай бастағанда, үзіліссіз бар күшіңмен бақырып-шақырып бөлмені басыңа көтерші...

- Не үшін?!

- Футболдың басталуына жарты-ақ сағат қалды, көрмейсің бе, кезекте адамдардың қаптап тұрғанын...

                                                   WinkWinkWink

Банкке қаруын кезеніп, тонаушы кіреді. Қағазға көміліп, ұнжырғасы түсіп отырған бас бухгалтер басын көтеріп, езуін ыржитып:

- О, бәрекелді, бұл сіз екенсіз ғой, мен ревизор екен деп шошып кетсем, - депті.

 

Құрастырған: С.Сапаров

Оқи отырыңыз:

Жастар туралы әзілдер

Ене мен күйеу бала туралы әзілдер

Дәрігерге барсаң тексеріліп бар! (әзілдер)

Балалық шақтың ойындары есіңізде ме?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.fun2video.com

Н. Нұрмаханұлы