- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- «Шоқан Уәлихановтың керуен...
«Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен» ғылыми-танымдық экспедициясы Қашқарға жетті
«Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен» ғылыми-танымдық экспедициясы ұлы ағартушының 180 жылдығына байланысты жұмбаққа толы көне шаһар – Қашқарға келіп жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақ ұлттық географиялық қоғамының жобаға қатысушылары Қашқарға жетер жолда ескі Кучар қаласында бірнеше күн аялдады. «10 мыңнан астам үйі бар бұл үлкен қалада мұсылмандар тірлік кешеді. Бұл маңда 600-ге тарта Қытай әскері бар. Қаланың жанынан Хи-шу-хоа өзені ағып өтеді», - дейді қазақстандық ғалымдар.
Экспедицияға қатысушылар Кучар қаласында қала басшысы, Кучар хандығының әкімі Дәуіт Мақсұтпен кездесті. 87 жастағы князьдің денсаулығына байланысты, кездесу уақыты көпке созылмады. Әйткенмен қазақстандық ғалымдар оны Ораза Айт мейрамымен құттықтап, бірнеше мәрте естелік суретке түсіп үлгерген екен.
Сондай-ақ, қазақстандық топ Субаш қаласының бұзылған орнына барды. Бұл жерде ерте кезде буддашылар уақытша қоныстанған. Сол себепті, бұнда жергілікті тұрғындар мінәжат еткен үлкен ғибадатханалар мен бірнеше үңгірдің орны бар. Қаланың гүлдену дәуірі V-VII ғасырларға дәл келеді. Ол кезде қалаға мұсылмандар, монахтар, буддашылар көптеп келген көрінеді. IX – X ғасырлардағы қаланың құлдырауы ислам дінінің дендеп еніп, буддашылардың қаладан қашқан уақытымен тұспа-тұс келеді.
Экспедицияға қатысушылар сапарды одан әрі «Мың үй» (немесе «Мың будданың үңгірі») буддашылар ғибадатханасында жалғастырды. Оның құрылысы III – IV ғасырларда басталып, 500-600-ға дейін созылған. Бүгінде бұл жерден 339 үңгір табылған. Олардың әрқайсысында жеке есік пен кемінде екі бөлмеден бар. Қабырғаларға тақуалардың өмірінен хабар беретін суреттер мен Будданың уағыздары жазылған.
Шоқан Уәлиханов еңбектерін зерттеуші, Назарбаев университетінің магистранты Жалия Жайдақбаеваның айтуы бойынша, Ақсу қаласы Қашқар, Жәркент, Қотан, Уш, Кочар Кучар және Қарашаһар қалаларына қатынайтын Шығыс Түркістанның негізгі қалаларының бірі болған.
«Шоқан Уәлиханов Ақсу қаласына бара алмаған. Себебі, бұл қалаға баратын жол жергілікті қазыналық траспорттар мен саудагерлер үшін ғана ашық болған. Уәлиханов бұл қала арқылы Шығыс Түркістандағы өзге қалаларға қатынау тиімді екенін жазып қалдырған. Жолда барлық жағдай жасалған. Қай жерге демаламын десең де өз еркің. Менің ойымша, қажетті жағдайда біз мұны естен шығармай, өз маршрутымызбен әрмен қарай жүре беруіміз керек», - дейді Жалия Жайдақбаева.
Қазақстандық ғалымдар Қашқар қаласынан 150 шақырым жерде Шикяр (ұйғырша «тәтті») атты ауылға да тоқтады.
«Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен» ғылыми-танымдық экспедициясы Үрімжі қаласына дейін 1500 шақырымнан көп жолды жүріп өтеді. «Біз өте ауыр жолдан асып өттік. Сапарымызда тарихи елді-мекендермен танысып, керекті мәліметтерге қанықтық. «Орта Азиядағы Ұлы Жібек жолы» маршрутына туристер қатты қызығуда. Енді бізге қазақтың ұлы зерттеушісі әрі саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың қай жерлерде болғанын көріп, жақсылап танысу ғана қалды», - дейді ғылыми-танымдық экспедициясының жетекшісі, ғылым докторы, саяхатшы Орденбек Мазбаев мырза.
Естеріңізге сала кетсек, бұл ғылыми-танымдық экспедиция Шоқан Уәлихановтың туылғанына 180 жыл толуына орай "Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының" республикалық-қоғамдық жобасы ретінде өз бастауын алған болатын. Сапар кезінде жоба қатысушылары Шоқан Уәлиханов аяқ басқан жерлермен өтулері тиіс.
Ұқсас жазбалар:
"Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен" азиялық Римге жетті
Қытайлықтар "Орта Азиядағы Ұлы Жібек жолы" жобасына қызығушылық танытуда
"Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен" Жұлдызды теңізге тұрақтады
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: tengrinews.kz
Н. Айдархан