- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- "Шоқан Уәлиханов керуен...
"Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен" Жұлдызды теңізге тұрақтады
«Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен» ғылыми-танымдық іс-сапары Қашқария өлкесіне өз сапарын жалғастыруда. Экспедиция қатысушылары Турфан қаласына бас сұққаннан кейін "Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының" республикалық қоғам белсенділері Қарашаһар қаласына келіп қоныстанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандық жиһанкездер Қарашаһар қаласына келіп жеткеннен кейін қалада ұзақ уақыт тұрақтап қала алмады. Аздап әлденіп алғаннан соң олар Қытай елінің Бақрашекел деп аталатын тұщы өзеніне қарай аттанған. Керуеннің ғылыми жетекшісі Смайылжан Иминовтың айтуынша, ежелгі дәуірде осы бір өзенді «Батыс теңізі» немесе «Балық теңізі» деп атаса керек. Өзенді түрлі өсімдіктер қоршаған болса, көк аспанда бізге белгісіз құс түрлері самғап ұшады екен. Мұнда тап болған өзге ел меймандары бейне бір теңіз, тіпті мұхит алқабында жүргендей күй кешетін көрінеді.
Бақрашекелді артта қалдырып, саяхатшыларымыз Қорла қаласы арқылы тікелей Шоқан Уалиханов атамыз "Жұлдызды теңіз" атаған Лобнор өзеніне тоқтап, ары қарай Тақла-Мақан шөл даласына іс-сапарларын жалғастырды.
Естеріңізге сала кетсек, бұл ғылыми-танымдық экспедиция Шоқан Уәлихановтың туылғанына 180 жыл толуына орай "Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының" республикалық-қоғамдық жобасы ретінде өз бастауын алған болатын. Сапар кезінде жоба қатысушылары Шоқан Уәлиханов аяқ басқан жерлермен өтулері тиіс.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: Tengrinews.kz
Н. Нұрмаханұлы