Қазақ музыкасының абызы, белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел!» әні "Жұлдыз FM" радиосының ресми әнұраны болды. Кеңес Дүйсекеев ағамыз әннің тарихы жайлы былай деді:
"Мен шыққан Қызылорда өңірінде терме жанры, соның ішінде, мақтау-мадақтау термелері жақсы дамыған. Осы жанрмен сабақтас бұл ән Роза Рымбаева үшін арнайы жазылды. Роза Рымбаева шетелде концерттерін осы әнмен ашып, қазақ елінің сәлемін жеткізіп жүрді.
"Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!"
Біздің ойымызша бұл жылдар бойы маңызын жоймайтын салтанатты ән. Осы әнмен үндескен толқынымыздың болашағы жарқын болады деген үміттеміз.