Бәріңізге қайырлы күн! Құрметті тыңдармандар мен парақшамыздың оқырмандары, бүгіннен бастап апта сайын жарияланып тұратын «Анкета» атты айдарды бастаймыз. Айдарымыздың мақсаты – сіздерді Жұлдыз ФМ-нің шағын ұжымымен таныстыру. Ендеше айдарымызды Жұлдыз ФМ жүргізушілерінің бірі Айжан Кәрібайдан бастайық!
Туған күні: 30.12.1991
Жұлдыз белгісі: Тауешкі
Сүйікті әні: дәл қазіргі уақытта «Зауал» Назарбек Оразбеков
Сүйікті кітабы: өте көп, қазірде Экхарт Толле «The Power of Now» («Сила момента сейчас») (кеңес берем)
Сүйікті мерекесі: жақсы тойланатын, демалыс беретін барлық мерекелер)
Кемшіліктері: көп, барлық кемшілігімді анық білем, мүмкін тым сыншылмын
Позитивті қайдан аласың? Позитивті адамдардан, өмірге деген дұрыс көзқарастан, алға қойған мақсатыңа жету жолынан
Неге зиянды тағамдар пайдалыларға қарағанда тәттірек? Мен үшін олай емес) ең тәтті нәрселер жеміс-жидек пен көкөністер
Интернетке сурет салу кезінде қандай сезімде боласың?: Кейде мың рет ойланам, не үшін, не мақсатпен салам деп, ал кейде ерігіп сала салам, кейде жақсы көңіл-күйіммен бөліскім келеді. Алайда әлеуметтік желілерсіз өмірді аңсаймын.
Түнде қорылдайсың ба? Жоқ, осы менің артықшылығым
Өміріңде сиыр сауып көрдің бе? жоқ
Басқалардың қолынан келмейтін дарының: керек кезде көрінбей қалам, қабырғаны тесіп өте алам, басқалардың ойын оқимын)
Адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсың? Шынайылық, сенімділік, дүниетанымының кең болуы, қарапайым адамгершілігі
Қыз бен жігіттің достығына сенесің бе? Сенемін, мысалы болашақ жарым ең жақсы досым
Бала кезіңде кім болуды армандадың? Актриса, модель
Сүйікті мульфильм кейіпкерің? Соңғы көрген «Головоломка»-дағы Радость
Қай елге саяхат жасағың келеді? Алыс шетелдің барлығы қызық, жалпы планетамыздың адам тұрақтайтын әр нүктесіне саяхаттап келу арманым
Ең көп қолданатын сөзің? Барлығын мезі қылған ЯҒНИ!
Рекордтар кітабына ену үшін не істер едің? Күйеуі ай сайын көйлек алып берген әжені жетіп озғым келеді
Өзіңе ұнамайтын лақап атың: айтпаймын. айтсам, бәрі солай атай бастайды, түсінікті емес пе?!:)
P.S. Алматылық бола тұра, Ақтауды таңдаған себебім Каспий теңізін көргім келеді))