Nomad Stunts каскадерлері

Nomad Stunts каскадерлері "Мулан" фильмінің түсіріліміне қалай қатысты?

4 қыркүйекте "Мулан" фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Бұл фильмге қазақстандық Nomad Stunts каскадерлер клубы қатысты. Олар жобаға қалай іріктелді және қалай дайындалды? Nomad Stunts-тың мұндай сұранысқа ие болуының себебі неде? Бұл туралы Жұлдыз FM радиосының "Таңғы шоу" бағдарламасына қатысқан каскадерлер Бақыт Жүндібаев, Еркебұлан Сүлейменов, Жанболат Жүніс әңгімелеп берді.

Каскадерлер бұл салаға қалай келді?

©Жұлдыз FM

"Үшеуіміз де Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде оқығанбыз. Бұған дейін циркте жұмыс істедік, аттармен айналысып, каскадер бола бастадық. Атқа отыруды, одан құлауды үйрене келе каскадер болдық", - дейді Бақыт Жүндібаев.

Nomad Stunts "Мулан" фильмінің түсіріліміне қалай қатысты?

"Мулан" фильміне клубтан Бақыт Жүндібаев, Жанболат Жүніс және өзге де клуб каскадерлері қатысқан. Ал клуб жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов қосалқы рөлдердің бірін сомдаған. "Мулан" – Walt Disney студиясының халықаралық жобасы. Бюджеті 200 миллион доллар болған бұл фильм студияның кейінгі жылдары түсірген ірі, қымбат жобасы саналады.

"Біз бұл фильмге бір жылдай дайындалдық. Көп тер төктік. Фильмге каскадерлерді іріктегенде үлкен бәсеке болды. Дүниежүзі бойынша әр елдің каскадерлері өзін ұсынып жатты. Біз де бірталай видео жіберіп, өзімізді шыңдап, дайындалдық. Соның арқысында жоба каскадерлерінің құрамына ендік. Клубтан жетекшіміз Жайдарбек Күнғожиновпен бірге 12 каскадер қатыстық. Түсірілім Жаңа Зеландияда 5 ай бойы өтті", - дейді Жанболат Жүніс.

Бақыт Жүндібаев ©nomadstunts.com

Каскадерлердің айтуынша, клуб сол жақтағы аттармен дайындалып, трюк жасаған.

"Жаңа Зеландияда түсірілімге қатысатын аттарды өздері берді. Айта кететін жайт, ол жақта біздегідей атты қамшымен ұра алмайсың, аяқпен тебе алмайсың, тек команда беріп қана жұмыс істейсің", - дейді Жанболат Жүніс.

"Мулан" түсіріліміндегі Жанболат Жүніс ©Жеке мұрағатынан

"Осыдан екі жыл бұрын фильмнің дайындығына барғанда режиссер кадрларды талдап, не істейтінімізді көрсеткен. Содан жоспар бойынша, каскадер ағамыз Мұрат Бұрханов екеуіміз аттан құлап аунап түсуіміз керек. Кейін түсірілім аяқталғанда видеоны қарап отырсақ, бәрі жоспар бойынша дәлме-дәл шығыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nomad Stunts (@nomadstunts)7 Сен 2020 в 6:15 PDT

Дайындықта бізден Моңғолия, Аустралия каскадерлері біраз нәрсе үйренді. Оларға атқа отырудың қыр-сырын көрсетіп, қалай құлау керегін түсіндіріп тәжірибе алмастық", - дейді Бақыт Жүндібаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nomad Stunts (@nomadstunts)9 Сен 2020 в 8:52 PDT

"Ата-бабамыз жылқы мінгендіктен аттың құлағында ойнау – қанға сіңген нәрсе. Сондықтан жылқымен жұмыс істеу бізге қиын емес. Шетелдіктер де жылқыны игеруде шебер ғой, бірақ олар біз сияқты отыра алмайды. Біз сол жағынан бір бас жоғарымыз деуге болады", - дейді Еркебұлан Сүлейменов.

Еркебұлан Сүлейменов ©Жеке мұрағатынан

Nomad Stunts клубының негізі 2000 жылы қаланған. Содан бері клуб каскадерлері шетелдік "Корольге жазылған хат", "Марко Поло", "Викинг", "Ертұғырыл" сияқты фильмдерге және Қазақстанда түсірілген біршама жобада каскадер болған. 

Мәселен эфир қонағы Еркебұлан Сүлейменов "Жауынгер", "Марко Поло", "Тобыл" фильмдеріне, "Викинг", "Мехмет" сериалдарына түскен, Бақыт Жүндібаев "Көшпенділер", "Қазақ елі", "Жаужүрек мыңбала", "Қазақ елі", "Тобыл", "Құтқару одағы", "Мехмет", "Мулан" фильмдерінде каскадер болған, Жанболат Жүніс "Мулан", "Томирис", "Тобыл", "Викинг" жобаларына қатысқан. 

Nomad Stunts каскадерлерінің үлкен нарықта осындай сұранысқа ие болуының себебі неде?

"Шетел каскадерлері бір трюкке екі ай дайындалса, біз сол трюкті бір аптада жасап бере аламыз. Сол үшін біздің клуб қазір бірінші орында. Мысалы біздің клубқа жылына 30 шақты каскадер келеді. Солардың арансынан тек екі-үшеуі ғана іріктеледі", - деді Жанболат.

©nomadstunts.com 

Еркебұлан Сүлейменовтың айтуынша, клубтың қазіргі деңгейге жетуіне каскадерлердің шеберлігінен бөлек, дисциплина мен ішкі тәртіптің ықпалы зор. Сонымен бірге ол клубтағы каскадерлердің әмбебап екенін айтып өтті.

Клубта қыздар бар ма? Оларға трюк істей қиын емес пе?

"Клубта Аида Құрбанова, Любовь Волкова, Жібек Жаппасбаева, Әлия Ысқақова, Алиса және Кристина Давиденко деген және өзге де қыздар бар. Ол кісілерге каскадер болу қиын деп айта алмаймын. Себебі олар спортшы болғандықтан және осы салаға дайын болғаннан кейін келеді", - деді Еркебұлан Сүлейменов.

Каскадерлер үшін осыған дейінгі ең қиын жоба қайсы болды?

"Ең қиыны деп Ресейде түсірілген "Викинг" фильмін айтуға болады. Мұнда екі-үш ай су астында жұмыс істедік", - дейді каскадерлер.

Тек Nomad Stunts каскадерлері жасай алатын трюктер бар ма?

"Тек біз ғана істей алатын трюктер жоқ, бәрінің қолынан келуі керек. Бірақ шетелде біздің біраз трюгімізге тыйым салынған. Мысалы "подсечка" (атты шалып құлату), "завал" дегендер. Десе де, біз отандық фильмдерде бұл трюктерді жасап жүрміз.

©nomadstunts.com

Каскадердің актер образына еніп, сонымен бірге дайындалуы қаншалықты маңызды?

"100% маңызды. Себебі каскадер мен актердің қимыл-қозғалысы бірдей болуы керек. Ірілі-ұсақ трюк жасағанда бірдей қимылдауы қажет", - дейді қонақтар.

©nomadstunts.com

Каскадердің физикалық дайындығынан бөлек, басқа қандай қасиеті болуы керек?

"Ең алдымен мінез керек. Мінезің мығым болса ғана каскадер боласың деп ойлаймын. Онсыз бұл салада жұмыс істеудің қажеті жоқ", - дейді Еркебұлан Сүлейменов.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді