"Жұлдыз FM" радиосы Генаның жекпе-жегіне арнап арнайы флешмоб бастады

"Жұлдыз FM" радиосы Генаның жекпе-жегіне арнап арнайы флешмоб бастады
Фото: Ернар Алмабек

Бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып, жұртшылық сүйсіне тыңдайтын "Жұлдыз FM" радиосы 17 қыркүйек күні шаршы алаңға шығатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді қолдап, арнайы флешмоб бастады.

17 қыркүйек күні таңда Лас-Вегас қаласында күллі әлем көз тігетін жекпе-жек өтеді. Еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады!

Жұлдыз FM радиосы Геннадий Головкинді қолдауға арналған флешмоб бастап отыр! Арнайы флешмобқа қосыл! Эстафетаны жалғастыр!  Ол үшін мүмкіндік болса, ұлттық киім киіп, сурет немесе видеоға түсіп, #ГенаАлға #ЖұлдызфмФлешмоб хэштегтерімен парақшаға жарияласаңыз болғаны. Геннадий Головкин @gggboxing мен Жұлдыз FM радиосының @zhuldyz.fm парақшаларын белгілеуді де ұмытпаңыз!

Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмаған қазақ батырының жеңіске жетеріне сенім артамыз. "Жұлдыз FM" радиосы бастаған флешмобты жалғастырып, отандасымызды бірге қолдайық!

Жұлдызың жансын, GGG!

 

Публикация от @zhuldyz.fmСен 6 2017 в 2:56 PDT

Ө. Сансызбай